«Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ символы» жобасы аясында

тақырыптық апта

«Мен. Менің отбасым.»

 

Мақсаты: ата-аналар мен ата-әжелердің өмірлік тәжірибесін тарта отырып, балаларда «отбасы» ұғымын қалыптастыру, баланың жеке басын қалыптастыру кезеңде отбасылық құндылықтарды арттыру.

Тапсырмалар:

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларда «отбасы» туралы түсінікті қалыптастыру, туыстықты түсінуге үйрету.

  2. Отбасы мүшелері арасындағы туыстық қатынастар туралы түсінікті қалыптастыру (анасы, әкесі, әжесі, атасы, ағасы, әпкесі), қоршаған орта туралы білімді кеңейту.

  3. Балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын ата-әжелердің бірлескен шығармашылық қызметіндегі тәжірибесімен байыту.

  4. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

  5. Ата-аналармен қарым-қатынаста адамгершілік негіздері туралы ұғымын кеңейту.

  6. Сөздік қорын белсендіру.

Қатысушылар:

Мектепке дейінгі мекемелершағын орталық, мектепалды даярлық сыныбы.

балалар, педагогтарата-аналарәжелераталар.

Өткізілетін уақыты:16.01.2023-21.01.202.

Қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Ауызша сөйлеуді, сөздік қорын қалыптастыру, әртүрлі өмірлік жағдайларда қарым-қатынас дағдыларын игеру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілердің танымдық және зерттеу қызметінің қарапайым дағдыларын меңгеруі, азаматтық пен патриотизмге, ұлттық мәдениетті құрметтеуге тәрбиелеу.

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу қызметін дамыту.

Тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, қоршаған әлем туралы эмоционалды білімді қалыптастыру, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.

Балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасы, қоғам және мемлекет дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.