Бөбекжай психологы Гүлсезім Жарасханқызының күнделікті балалармен түзете дамыту жұмыс барысы


1 Балаға манипуляция жасау "Егер сен ақылды, тәртіпті болсаң , мен саған ойыншық сатып әперемін". Осы сынды уәдені кей ата-аналар балаларына үйіп-төгіп беріп жатады. Мұндай уәде арқылы олар баланың дамуға деген қызығушылығын арттырып, оны ынталандырамын деп ойлайды. Алайда бұл тәсіл көп жағдайда оң нәтиже бере бермейді. Мәселен бір топ балаға ақ парақ пен фломастерлер таратты делік. Бірінші топқа олар сурет салып болуды аяқтаған соң, сыйлықтар береміз деп уәде берген. Ал екінші топ суретті салып бітірген соң, аяқ астынан сыйлық алған. Сол сияқты үшінші топ тіпті ешбір сыйлықсыз сурет салған. Екі апта өткен соң, үшінші және екінші топ суретті бар ынтасымен салса, алғашқы топ сурет салуға қызығушылық танытпаған. Біз балаға манипуляция жасау арқылы, оны тек қаламайтын дүниесін жасауға итермелейтінімізді, оған шынайы эмоция сыйлай алмайтынымызды түсінуіміз абзал.

2 Физикалық тұрғыда жазалау
Көптеген психологтың пікірінше, қандай да бір физикалық жаза болмайды, тек физикалық тұрғыда күштінің әлсіздерге көрсететін зорлық-зомбылығы ғана болады. Және оған ешқашан да жол беруге болмайды. Мысалы сіздің балаңыз сізге ұнамайтын нәрсені жасаса, оған айғайлап, оның намысына тиюдің қажеті жоқ. Сол себепті телефон, планшет сынды гаджеттерді бермей қойыңыз, сонда ол екінші рет мұндай тәртіпсіздікке бармайтын болады.

3 Баланы бір нәрсе үшін жақсы көру
Бала көп жағдайда оның біздің өмірімізде бар болғаны үшін ғана жақсы көреді. Ал оның бойындағы сізге ұнамайтын қасиеттер мен мінезі – көбінесе өзіңіздің бойыңыздағы кемшіліктер болуы мүмкін. Сондықтан баланы кінәламастан бұрын, өзіңіздің жүріс-тұрысыңыз бен айтқан сөзіңізді сүзгіден өткізіп алыңыз.

4 Барлығына тек бір баланы кінәлау немесе үйдің тұңғышына бар жауапкершілікті үйіп-төгіп беру. Көбінесе ата-аналар тұңғыштарынан кейін іні-қарындастары дүниеге келген соң, үйдің үлкеніне бар жауапкершілікті үйіп-төгіп беріп, мойнына артып қояды. Сол себепті үйдің үлкені ата-анасы өзін бұрынғыдай жақсы көрмейді, үйдегі кіші балаларға көп көңіл бөледі деп ренжуі мүмкін.

5 Баланы үнемі бақылауда ұстау
Баланың әрбір қадамын бақылау, оның өзгелердің пікіріне жалтақтап қарай беруіне әкеп соқтыруы мүмкін. Неге дерсіз? Себебі балада өзінің пікірі, көзқарасы қалыптасып үлгермейді.
Қазіргі таңда балаларды тәрбиелеу - күрделі іске айналған. Себебі ересектер оларды барынша түсініп, оның деңгейіне түсіп, ішкі жан-дүниесін тереңінен түсіне алмай жатады. Сондықтан балаларды алдап-сулап ұстап, онымен ортақ шешімге келіп үйреніңіз. Нәтижесінде сіз балаңыз жіберген қателіктерге кешіріммен қарап, жалпы балаңызды тәрбиелеу процесін ретке келтіре аласыз.

 



Әлеуметтік желілердің әбігері

19.10.2014

Силикон алқабы дегенді естуіңіз бар ма? Калифорния штатынында орналасқан. АҚШ-тың ғана емес, әлемнің керемет технологиялық жаңалықтары жасалатын жер. Сүттің бетіндегі қаймақтары жиналған ғылыми орта. Білесіз бе? Сондағы мектептерде компьютер атаулы атымен жоқ.

Тақта мен бор, ағаш парта мен тау-тау кітаптар тұратын сөрелер ғана бар. Біздің «сотка» дегенді білмейтін ғалым Асқар Жұмаділдаев секілді ондағы оқушылар да ұялы телефон мен планшет, айфон мен айпад дегенді  ұстамайды.

 Милары бос, тыныш, тұнық. Бір компьютерсіз, тіпті бір экрансыз мектептің мұғалімдері ондай гаджеттерді оқушылардың үйде де қолданбауын жөн санайды екен. Калькулятор атымен жоқ.

Ең қиын көбейту мен бөлуді оқушылар қағаз бен тақтаға шығаруға міндетті. Бір ғажабы: мұндай тәртіп- осы Силикон алқабында ғылыми зерттеулер жасайтын ғұлама ата-аналардың талабы бойынша қалыптасқан.

Ал біз ше? Қалта телефонсыз өмір сәнсіз, интернетсіз өмір мәнсіз. Әлеуметтік желілерге күніне кемі бір кіріп шықпасақ, ауа жетпей демі тарылған адамның күйін кешеміз. Бұл дерт пе өзі?

Әлеуметтік желі – ақпараттың кенінен әлемнің деміне, еріккеннің еміне айналып барады. Біздегі 5,6 миллион адам интернетті жиі пайдаланады. Яғни, үштен бірі. Ғаламтордың ғажайыбы не сонда?

Әсем Изатқызы, тілші:

Әлеуметтік желілер лабиринт тәріздес. Бір кірсеңіз, шығу қиын. Шыр айналып, шығар есікті таппай, шырмалып қаласыз. «Инстаграмга» таңертең, түсте, кешке, барлығы үш сурет салмасаңыз, көңіліңіз көншімейді.

«Фейсбуктегі» достарыңызбен жаңалық бөлісіп, әңгімелеспесеңіз бірдеңе жетпей тұрады. «Мейл.ру» мен «Твиттер» тағы бар. «Вконтактеде» сурет көріп, лайк баспасаңыз бір түрлі боласыз. Иә, бүгінгі халымыз осындай. Ал, уақыт өте бұл түйткіл күрделене, күрмелене береді. 

Өйткені, 50 миллион тыңдарман жинау үшін радио 38 жыл уақытын сарп етсе, теледидар дәл осынша көрерменді 13 жылда жинапты. Ал, интернет небәрі 4 жылда бағындырған.  Жаһандағы 30 жастан асқан адамдардың тең жартысы, ал жаңа ғасырда туғандардың 96 пайызы әлеуметтік желілерге тіркелген. 

Қалдан, Астана қаласының тұрғыны:

Істеймін деген жұмысты еш уақытта орындамаймын. Отырып қаламын, ана сайтқа бір кіресің, мынаған кіресің. Сізге көмекке келдім. Мен жалғыз осындай емеспін бе?

Қалдан ғаламторға тәуелді болып қалған. Басында бір сағат, кейін компьютерге тәулік бойы телміруді шығарды. Бұл жақсылық әпермеді. Жұмыстан қуылды, жалақыдан қағылды. Енді дертінің емін психологтардан іздеп келді.

Қалдан, Астана қаласының тұрғыны:

Ойлағаныңды «Фейсбукке» кіресің, сонда ата-анаңның мақтағанынан гөрі, сол лайк қымбат болып кетті. Мысалы, сол жақта менің мың досым бар болса, 10 лайк, 100 лайк болса, мен сол күні жақсы ұйықтаймын. Интернет жан-дүниеммен біте қайнасып кетті десек болады.

Лиманаға Қалдан секілді қыз-жігіттер көп келеді. Хат жазатындары да жетеді. Көбі 21 мен 29 аралығындағы жастар. Маманның айтуынша, интернет әуелі қызықтырады, телміртіп тәуелді етеді, соңында сананы улайды, ұйқыны ұрлайды.

Лимана Қойшиева, психолог:

Қатты тәуелділікке ұшыраған адамдарды туысқандары алып келеді. Олардың көзқарасынан байқауға болады, қарап отырып, сізді көрмей отырған  сияқты, оның жүрегі де жабық, сезімі де қатаяды. Олар зомби немесе роботқа айналып кеткен адамдарға ұқсайды. Көзінде ешқандай да бір ойдың жоқтығын байқайсың, көздің орнында әйнек тұрғандай сезіледі. Ондай адамдарды бірден көз жанарынан байқауға болады.

Әлеуметтік желілерді әркім өзінше пайдаланады. Біреу керек ақпар алады, енді бірі жеке өмірін жөндейді. Алаяқтықпен ақша тауып, қылмыс жасайтындары да бар. Анкетасын жалған жариялап, жастармен танысады. Танысудың соңы түрлі жағдайға әкеледі. Мәселен, Нұрсұлудың «Вконтактеде» 4000-ға тарта досы болған. Қазір бар жоғы 27-сі ғана қалды.

Нұрсұлу Шәйкенова, студент:

Құрбыммен осындай оқиға болған.  Ол «Вконтактеде» бір баламен танысқан еді. Сөйтіп, екі жылдай араласты. Ол жігіт «маған счетыма ақша сал, саған телефон шалуға бірлік керек», деп алдаған еді. Кейін кездесуге жігіт келмеген. Қыз ғашық болғандықтан, іздей бастады. Сосын түрмеде отырғаны белгілі болды. Ол кейін түрмеден шыққан соң, қандай жағдай болары белгісіз ғой. Сол себепті мен өзімді қорғаймын, деп танитын достарымды ғана қалдырдым.

Сонымен, «Мой мирге» бір күнде 1 миллион 125 мың адам кіреді. Ал, «Одноклассникиді» күніне 558 мың адам ақтарады. «ВКонтактені» күніне 525 мың адам қарап шықса, «Facebook»-ті бір күнде 410 мың азамат пайдаланады.

Қала тұрғыны:

Мен негізі «ВКонтактеде» отырамын. «Инстаграм» онша ұнамайды. Ол жақта селфи мен тек фотоға лайк қоясың, жібересің, ал «ВКонтактеде» топ ашып, достарыңызбен сөйлесесің.

Қала тұрғыны:

«ВКонтакте» ұнайды маған. Достарымызбен  «7В» деген топ ашқанбыз. Сонда  қай жерде қыдырамыз, мектепке барамыз ба, соны ақылдасамыз.

Қала тұрғыны:

Бір суретіме 40-50 лайк жинаймын. Әрбір суретке қойған лайкқа қуанамын.

Бағаға емес, лайкқа лайық боламын, деп талай оқушы талпынып жүр. Бір лайк олар үшін күнделікке қойылған бестік іспетті. 1 сыныпта орта есеппен 25 оқушы бар десек, оның кемінде 20-да ұялы телефон бар.    

Гүлзина Жадақова, №54 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Сабақ үстінде сабаққа қатысты емес дүниелерді қарап отырады, бір-бірімен байланыс жасап отырады. Сол себепті, сабақты бастар алдында ұялы телефонды жинап аламын. Өйткені, кедергіні көп жасайды. Арасында пәнге көңіл бөлмей, ойын ойнап отырады.

Әлеуметтік желілерге тәуелділік әсіресе, мектептерде күрмеулі мәселеге айналып отыр. Ата-ана соңғы тиынын қосса да, өздері ұстамаған қымбат телефондарды баласына алып береді. Өйткені, қатардан қалғанын қай ата-ана құп көрсін?

Бізде қазір сапалы білім мәселесі емес, сәнді телефон бәсекесі күштірек. Бірақ, көш соңында жүрмесін деген жанашырлық жақсылыққа емес, жат қылыққа жетелейді. Үлкеннің әрекеті кішіге үлгі. Бұрын бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндердің бар қызығы кәмпиттер болса, қазіргінікі компьютер.

Иманғали үш жаста. Телефоннан түрлі ойын ойнайды. Атыс-шабыс десе, делебесі қозады. Оған ойын болса, ата-ананың да, тамақтың да қажеті жоқ.

Балалар күнде кешке «Контр-страйкты», «GTA»-ны, «Дотаны» ойнайды. Сондағы оқ өтпейтін, отқа жанбайтын адамдардай болуды армандайды. Жігіттер үшін әкелері емес, солар идеал.

Кішкентайлары компьютерден тек ойын іздесе, сәл үлкендері интернеттің иірімдеріне ереді.

Әсем Изатқызы, тілші:

Бала – біздің болашақ. Олардың ой өрісі 7 жасқа дейін қалыптасады, толығады. Ғылым солай, дейді. Ал, баланың дәл өсер шағында мынадай қатыгез ойындар оларды өшіреді. Ойлау қабілетін тежейді. Жауыздыққа жетелейді.

Алтынкүл апа немерелерінің алтын уақытын алып жатқан интернетті иттің етінен жек көреді. Өйткені, күнде кешке желкелеп, жалынып дастарқан басына жинайды. 

Алтынгүл Қатаева, зейнеткер:

Құнығып, жылайтын кездері де болады. Өкпелеп, тамақ ішпейтін кездері де болады. Ата-анасы шектеу қоймаса, ол күні тамақ ішпесе де ол риза. Ал, ойынның шегі жоқ. Сондықтан, аналық, әжелік ойым: шын мәнінде жасөспірімдерге кері әсері көп.

«Енді күніне 1 сағаттан артық ғаламторда отырғызбаймын»,- дейді  әжесі. Бүлдіршіндерін ғаламтордың біртіндеп бұзбауының бір амалы - осы. Өйткені, қазір интернетке кіру әдетке айналады, әдет тәртіпті, ал тәртіп мінезді қалыптастырады. Осылайша, бәрі бірте-бірте шынжырсыз байланған интернеттің итіне айналып кете барады.

 

"Егер бала проблемасын айтып келсе, оны бас салып кінәлап, ұрысудың қажеті жоқ. Телефонды да бірден тартып алып, ғаламторға шектеу қоймау керек. Мұндай жағдайда бала ата-анасынан көңілі қалып, екінші мәселесін айтпайтын болады. Әке-шешелері балаларымен байыппен сөйлесіп, олардың еш кінәсінің жоқтығын түсіндіруі керек. Қамқорлықты сезінген баланың сенімі оянып, тығырықтан шығатынына сенеді. Бізде көп ата-аналар балаларымен сөйлеспейді, оларды не мазалап жүргенін байқай бермейді. Ал білген кезде кеш болуы мүмкін", – деді әлеуметтанушы Халида Әжіғұлова.

Қазақстанның бала құқығы жөніндегі омбудсмені Аружан Саин жасөспірімдерді ғаламторға тәуелді болудан қорғау үшін олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру керек дейді. Яғни, пайдалы үйірмелер мен спорт секцияларына қатысып, бойындағы талантын таныған бала кибербуллингке тап болмайды. Бірақ, өзі қызыққан үйірмелерге қатысуға барлық баланың отбасылық жағдайы келе бермейтіні тағы бар.

 

ЖЕЛІДЕГІ ЖЕТКІНШЕКТІ ҚАЛАЙ БАҚЫЛАЙМЫЗ? ОҚЫҢЫЗ...


    

      Біз қаласақ та, қаламасақ та, көптеген әлеуметтік желілер бар заманда өмір сүреміз. Онда өзіміз де, балаларымыз да тіркелген. Ол жерде қажетті және қажеті жоқ ақпараттар бар. Дамыған заман болғандықтан, бала міндетті түрде әлеуметтік желіге кіреді. Бірақ, ол жерде баламызды қалай қорғаймыз?

 

  1. Ата-ананың әлеуметтік желіде өзін ұстау ережелері Көптеген ата-ана әлеуметтік желіде балаларымен түскен суреттерді үздіксіз жариялай береді. Тіпті, кейбіреулер әр 20 минут сайын баласын қайда апарғандығын және мектептен (балабақшадан) қашан алатындығын, яғни әр әрекетін салып отырады. Әлеуметтік желі – көптеген ақпарат алаңы, ол арнайы жобаларға, компанияларға, жарнамалаушыларға және балаларымызды қорғағымыз келетін ұрыларға да арналған ақпарат көзі. Сондықтан, жұртшылыққа балаңыздың қатысы бар ақпаратты қаншалықты жариялау керектігін ойланыңыз. Себебі арам ойлы адам ересекті алдау қиын екендігін білгендіктен, сіз берген ақпарат арқылы баламен байланысқа шыға алады. Әрине, әлеуметтік желіге салу керек деп ойлайтын нәрсені ғана жариялаңыз, бірақ бірнеше рет ойланыңыз.

    2. Баланың әлеуметтік желіде өзін ұстау ережелері Балаңыздың (қазір 6-7 жастан бастайды) әлеуметтік желіге тіркелгенін байқасаңыз, оның енді көпшілік үшін ашық екенін түсініп, онымен жеке сөйлесіңіз. Әлемде ниеті таза емес адамдар бар екендігін түсіндіріңіз. Сондықтан,  "маркер-сөздерді" үйретіп қойыңыз. Бұл сөздер бірдеңенің дұрыс еместігін көрсететінін және маркер-сөздерді көрген бойда сізге келуін сұраңыз. Маркер-сөздерге мысалы мыналар жатады: "Сен сондай әдемісің!", "ата-анаң үйде көп болмай ма?", "көп саяхаттайсыңдар ма?", "ата-анаң қайда жұмыс жасайды?", "үйде жалғызсың ба?" және т.б. Балаңыздан "маркер-сөздер есіңде ме" деп әрдайым сұрап отырыңыз. Балаңыз бір күні "маған мынадай біртүрлі хат келді" немесе "Әдемісің, танысайық" деді деп қасыңызға келсе, айқайламай, сабырмен бірге сол адамның аккаунтын қараңыздар. Егер ол адам күмән тудырмаса, ендеше, бәрі жақсы уайымдайтын ештеңе жоқ. Балаңыз екеуіңіздің арасында сенімді қатынас болу керек. Бала сізге бірдеңе айтып келсе, айқай емес, кеңес еститінін білу керек. Қазір қылмыскерлер хаттарын өзгерте бастады. Олар жасөспірімдерден көмек сұрайды. Бала өзін біреуге керек сезініп, сеніп қалады. Мысалы, "Менің сенімен құрдас балам бар. Екеуміз онша сөйлеспейміз. Көмегіңді берші, не істесе болады?" деген секілді хаттар жазатын болған. Сөйтіп, баланың сеніміне кіріп алып, басқа ақпараттар сұрауға кіріседі. Бұл жаңа маркер-сөзге жатады. Балаңыздың достар қатарындағы адамдардың аккаунтына кіріп, тексеріңіз. Оны тек бастапқы жылдары ғана тексересіз. Ары қарай бала өзі бәрін түсініп кетеді. Балаңыздың достар қатарын оның не жазатынын басында бақылаған дұрыс. Себебі ол қауіпсіздік үшін жасалады. Кейде олардың достарымен сөйлескен сізге біртүрлі көрінетін, күлкілі хаттарын көруіңіз мүмкін. Бұл кезде оларды түзеп, араласудың қажеті жоқ. Оған өзін достарымен қалай ұстау керектігін айтпаңыз. Балаңыздың достар тізімінен сізге ұнамайтын адам болуы мүмкін, бірақ оның балаңыздың қауіпсіздігіне еш зияны болмаса, онымен сөйлесуге тыйым салмаңыз. Қорытындылай келе, біріншіден, әлеуметтік желіде өзіңіз немесе отбасыңыз туралы өте жеке немесе ашық ақпаратты жарияламаңыз. Бұл әрекетіңізді балаларыңыз да өзіне сабақ етіп алады. Балаларыңызға өте ашық суреттер неге салуға болмайтындығын түсіндіріңіз. Екіншіден, әлеуметтік желідегі балаларыңыздың достарын өз аккаунтыңыздан тексеріңіз. Ол жақтан не тапсаңыз да, түсіністікпен қарап, баламен сабырлы сөйлесіңіз. Егер айқай шығарып, тыйым салсаңыз, бала түбінде сізге айтпай басқа аккаунт ашып алады. Үшіншіден, маркер-сөздерді балаңыздың есіне түсіріп айтып тұрыңыз және оларды көрген бойда сізге келіп айтуын өтініңіз. Содан соң оны бірге талқылаңыздар. Төртіншіден, әлеуметтік желідегі суреттерде балаңыз достарымен есерленеді. Оған тыйым салмай, сын айтпай, керісінше, түсіністікпен қараңыз. Олардың өсіп жатқан ортасы бөлек, мәдениеті басқа екенін ұмытпаңыз. Бастысы, өзіңіз бен бала арасындағы шекараны сақтаңыз. Сол кезде ол бір нәрсеге күмәнданса, кеңес сұрау үшін бірінші сізге келеді.

 



10 қазан – Дүниежүзілік Психикалық Денсаулық Күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша: «Денсаулық – аурулық пен физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол ішкі көңіл-күйдің, физикалық және әлеуметтік толық аман-саулық жағдайы». Бұдан шығатын қорытынды, психикалық денсаулық – психикалық бұзылыстардың жоқтығы ғана емес.

 

Психикалық денсаулық – ішкі сезімнің жарасымдық жағдайы, бұл кезде адам өз қабылеттерін жүзеге асырады, өмірдің қарапайым қиындықтарына төтеп бере алады, өнімді еңбек етеді және өз қауымдастығына тиісінше үлес қосады. Бұл тұрғыда психикалық денсаулық адам көңіл-күйі тұрақтылығының және қауымдастықтың тиімді жұмыс істеуінің негізі болып табылады.

 

Психикалық денсаулық эмоцияларымыздың білінуінде, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерде, берік те жарасымды отбасылық қатынастар құруда, өмірден ләззат алуда ең басты рөл атқарады. Психикалық денсаулықты нығайтуға өмірлік қажетті жағдайлар мен қоршаған ортаны жасақтайтын, психикалық денсаулықтың сақталуын қолдайтын және адамдарға салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беретін іс-әрекеттер кіреді. Бұлардың қатарына адамдардың неғұрлым көбірегінде мықты психикалық денсаулықтың болуына мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған бірқатар ауқымды іс-әрекеттер кіреді.

 

Алайда бірінші кезекте, физикалық денсаулық жағдайымен қатар, адамның өзінің ұмтылысы маңызды.        

   

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар! Деніңіз сау болсын!

 

БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ

 

 

Құрметті ата-аналар!


Сіздің балаңыз ержетіп балабақша босағасын аттауға дайын. Бірақ ескертіңіз, балабақша сіздің сәбиіңізге – бөтен адамдардың әлемі. Балаға түсіндіріңіз: «Сен балабақшада басқа балалармен қаласың, бірақ, мен сені тастамаймын, қайтадан оралып әкетемін».
Осы кепілдемелер арнайы сіздерге:
• Балабақшаға тек қана дені сау баланы әкеліңіз;
• Алдын-ала топтың күн тәртібімен танысып, балаңызға айтыңыз;
• Баланы топтың тәрбиешілерімен алдын-ала таныстырыңыз;
• Алғашқы күндері баланы балабақшада толық күнге қалтырмаңыз;
• Баланың көзінше балабақша мәселерін әңгімелемеңіз;
• Үйде баланы өзін-өзі күту әдеттеріне тәрбиелеңіз;
• Балаңызға ескертуге ұмытпаңыз: «Сен маған бұрынғыдай қымбаттысың, сүйкімдісің!»

 

                  Бейімделу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейімделу деген не? Бейімделу қалай өтеді?
Бейімделу деген жаңа қоршаған ортаға үйрену. Балабақша балаға, әрине, жаңа, әлі таныс емес кеңістік, жанашылық қарым-қатынас.
Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо-физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым-қатынастарына, мектепке дейінгі мекемедегінің қатысу шарттарына байланысты. Әр бала балабақшаға өзіндікпен үйренеді. Бірақ, бірнеше заңдылықтарды атап өтуге болады.
Біріншіде, ескертіңіз: 2-3 жастағы баланың өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста боламын деген қажеттігі жоқ, ондай сезім әлі қалыптасқан жоқ. Осы жастағы балаға ер жеткен адам ойынсеріктес, еліктеудің үлгісі және баланың тілектестік назарлығы мен ынтымақтастық қажеттілігін қанағаттандырады. Құрдастары осы қасиеттерді көрсете алмайды, өйткені өздері де осыған зарық. Осыдан бала балабақшаға тезірек бейімделе алмайды, өйткені анасымен құштарлық сезімі тығыз, анасының жоқ болғаны баланың қарқынды қарсылығын толғантады, әсіресе бала сезімтал және әсерлік болса.
2-3 жастағы балалар бөтен адамдардан және қарым-қатынастың таныс емес жағдайларынан қорқады. Осы қорқыныштар – баланың балабақшаға бейімделуінің бір себебі. Кейбір жағдайда осы себептер баланы жылаушақты, құштарлықты, арланғышты, жарақатты қылады, бала жиі сырқаттанады, өйткені, стресстер жастық ағзаның паналаулық күштерін әлсіретеді.
Сонымен қатар, ұл балалардың бейімделуі қыздарға қарағанда, қиыншылықпен өтеді. Өйткені олар осы жаста анасына құштарлықты, анадан айырылғанда көбірек уайымдайды.
Эмоционалды дамытудан тыс балалардың бейімделуі теріс өтеді, өйткені олардың анаға деген құштарлықтары төмен. Психологтар келесі парадоксті ескертеді: бір жасқа дейінгі бала балабақшаға қабылданса, болашақта коммуникалдық сезімдері дамыған болады. Алғашқы эмоционалды жанасуды осындай бала анасымен емес, құрдастарымен құрады. Болашақта бұл баланың сүйіспеншілік, аяушылық, құштарлық сезімдері дамыған болмайды. 
Баланың анасымен эмоционалды байланысы дамығанымен, оның бейімделуі қиыншылықпен өтеді. Өкінішке қарай, бейімделу мәселелерін кейбір балалар өте алмайды. Бұл баланың шалығуына келтіреді.
Баланың балабақшаға бейімделуі бір жылдың арасында өтпесе, бұл ата-аналарға ым, баланы маманға көрсету қажет.
Психологтардың байқауымен бейімделудің ортаңғы мерзімінің нормасы бойынша:
- Сәбилер тобында – 7-10 күн;
- Балабақшаның үш жасар балаларына – 2-3 апта;
- Мектеп жасына дейінгі балаларға – бір ай.
Әрине, әр бала жаңа жағдайға әртүрлі қатысады, бірақ, жалпы ерекшеліктері бар. Отбасыдағы жалғыз баланың, шамадан тыс баскөз болған, өзіне-өзі сенбейтін, балалар балабақшаға
Отбасындағы дау, ата-аналардың көпшіліктен тыс қасиеттері баланың бейімделуіне көп кедергі жасайды. Атааналарының ұнамсыз мінез-қылықтырын меңгеріп, өз құрбыларымен қатынас құра алмайды.
Осындай балалар жасықтықты, батыл емес. Осыдан топ балаларымен қарым-қатынас құруға қиынсынады.

 

«Мен бәрін өзім істей аламын!»

 

 

Балабақшаға баратын бала не білу керек?
Балабақшаға баратын баланың өзіне-өзі қызмет ету дағдылары дамуға тиісті: киіну, ас ішу, дәретханаға бару, қол-бетін жуу, сүлгімен сүртіну. Әрине, тәрбиешілер түйме-бауларымен айналасуға көмектеседі, бірақ, олар бар топтағы он бес тәрбиеленушілерді әрқайсысын шешіндіріп-киіндіріп және қасықтан ас беруге үлгермейді.
Екі жастағы баланы дербестілікке үйрету ең ыңғайлы жас. Кішкентай адамның психикалық даму заңымен табиғаттың өзі де сіздің жағыңызда. Үш жастағы баланың өмір ұраны: «Мен өзім!». Осы жастағы баланы дербестілікке үйрету қажет емес – ол өзі осыған қоймай және қажырлы тырысады. Сіздің көмегіңіз балаға қажет емес. Қойған мақсатына жетіп қанағаттанады.
Екі жастағы баланың ата-анасы дербестілікке ұмтылған балаға бөгет жасамауға тиісті. Бұл өте маңызды сәт! Үш жастағы бала дербестілік дағдылырын меңгереді: ішу-жеу, тіс тазалау мен жуыну, киіну-шешіну, уақытында дәретке бару. Ойыншықтарын жинау, орнына қою, үстелді сүрту, киімді ретімен жинау дағдыларын меңгереді.
Сіз осыған сенбейсіз бе? Сеніңіз: баланың осындай жетістіктерге жету үшін, сізден керегі – бөгет жасамаңыз! Қолынан қақпаңыз, жұлқыламаңыз, әр қадамын қадағаламаңыз, баланың орнына ісін орындамаңыз, өйткені «ол кішкентай, ештеңе қолынан келмейді!» — деп айтпаңыз.
Практикада бұл оңай емес. Сәби жуынып үйренгенше, жуыну бөлмесінің едені бірнеше рет сумен тасиды. Сәбидің дербестілік киінгені ананың жүйке жүйесін қозғайды, әсіресе ол өзі темпераменті бойынша ашушаң немесе сангвиник болса. Бір сөзбен айтқанда – өз-өзіне ұстамды болу, шыдамды, баламен қарым- қатынасы сезбелі болу тиісті, импульсті емес.
Өз жұмыстарыңызды жоспарлағанда, алдын-ала күн тәртібіңіздің бір-біржарым сағатыңызды баланың «дербестілігіне» сақтаңыз. Балаңыздың күші келетін іс-әрекетті оның орнына орындамаңыз. Таныс емес дағдыны дербесті орындауға мүмкіндік беріңіз, тек қана, балаға көмек қажеттігін көріп тұрсаңыз, «әкел, мен істейін!» — демей, «қарашы, бұл осылай істеледі!» — деп, үйретіңіз.
Екіншіде, баланың күші келмейтін тапсырмаларды бермеңіз, сәби амалым жоқ деп сезбесін, қайта көбірек жетістіктерге жете берсін.
Как научить ребенка одеваться
Баланы киініге қалай үйрету керек?
Келесі кеңестерге назар аударыңыздар:
- «Тек қана өзің киін!» — деп, айта көрмеңіз. Бірақ «Өзім киінемін!» — десе, бөгет жасамаңыз.
- Өз уақытыңызды баланың киінуге үйрену мезгілімен жоспарлаңыз. Таңертең жарты сағат ерте тұрғаныңыз жөн болады, өйткені жаңа дағдыға үйренуге бөгет жасамаңыз.
- Егер бала өзінен-өзі кингісі келмесе, кішкене көмектесіңіз. Мысалы: нәскиді кигізгенде, толық кигізбеңіз. «өзің жоғары тарт!» — деп, ұсыныс беріңіз.
- Тек қана жеңіл шешінетін киімді «Шеш!» -деп, балаға айтыңыз. Киіну-шешіну дағдысына бала бертіңдеп үйренеді, балаға кішкентай «сабақтарды» өжетті ұсыну дұрыс болады: «қолыңды жеңге өзің кіргіз», «қәйлегіңнін бұтын жөнде», т.б. Баламен сайыс та ұйымдастыруға болады: кім нәскиді тез киеді, кім шалбарды тез шкафқа іледі, т.б.

 

Ойыншықтарды жинауға қалай үйрету керек?

 

 

Балабақшаға алғашқы келген сәбидің «ойыншықты жинау» деген дағды баланың «багажында» болу тиісті. Балабақша да осыған үйретеді. Бала тәрбиешінің нұсқауларын орындауға үйренеді, жеке ұжымның беделі де рөлін ойнайды. Үйден осындай дағдыларға үйренбеген бала, балабақшада тәрбиешінің талабын ұнатпайды.
- Баладан «ойыншықтар тәртібін сақта!» — деген талабын сұрауға болмайды деген көзқарас бар. Кішкентай болғандықтан бала бұл талапты орындай алмайды емес, ең әуелі ер адамдардың, ата-аналардың тәртіп туралы елестері баланың табиғатына, психикалық жас ерекшеліктеріне бөтен. «Бәрін орын-орнына қой, шашпа!» — деген талап баланың шығармашылық потенциалын дамытпайды, оның іздену белсенділігін өшеді. Бала әлемдік, космостық заңы бойынша дамиды: алғашқы баланың әлемі – бұл алғашқы аласапыран, оны бала тәртіпке келтіреді.
Осы теорияның жаны бар. Сіздің ер адам болып, «бәрі орында болу керек» деген тәртібіңіз балаға жарамайды, оған қызықты емес. Осындай тәртіптік баланың шығармашылық қасиеттерін дамуға кеңістік қалтырмайды.
Жас өнерпаздың алғашқы аласапыран сезімін тәртіпке қалай келтіруге болады?
Әрине, компромисс табу керек. Ең біріншіде, баланың жеке бөлмесі болу тиісті. Өз бөлмесінде не істеймін десе, соны істейді. Шығармашылыққа кеңістігі мол, бірақ қауіпсіздікті ескерту керек. Ақиқатты өмірде баланың жеке бөлмесі болуы – аса кереметтік, осыдан баламен бар пентікпен бөлісу керек. Мысалы, пәтердегі тұсқағазға сурет салуға болмайды, тек қана қабырғадағы арнайы орында ілініп тұрған ватманды суреттеуге болады. Қабырғалық суреттеуге арналған орын бөлінсін. Бөлмеде шашылып жатқан ойыншықтар жиналуға тиісті, бірақ үстелдің астындағы өз «үйінде» ойыншықтар тәртібіне бала өзі хожайын.
Балабақшада осындай компромисстерге орын жоқ. Балалардың саны көп, ойыншықтар бәріне жетпейді (оларды осыдан баптап, күтіп ұстауға тәрбиелейді), тәрбиешілердің өз елестері: не дұрыс, не бұрыс.
Он бес жаратушылардың жасаған былықтарына тәрбиеші, әрине, келіспейді. Қысқасы, 3-4 жастағы балаға «тәртіпке кез келді» десек артық болмас, әйтпесе «тәртіпті» балананы тәрбиелейміз деп кәдімгі «салақ» баланы тәрбиелейміз.
«Жинауға», «реттеуге» деген мәселе осыдан шығады. Үй ішінен бастап баланы ойнап отырып үйретіңіз. Бұйрықты, талапты сөйлеу тоны мен емес, тек қана ойынмен үйрету. Қар жинау машинасы, эвакуаторлар, крандар, жүк тасушы ойындарына ойнауға болады. Еденге шашылған ұсақтарды «жидек, саңырауқұлақ, гүлдерді» жинайықшы – деп, баланың қызығушылығын оятуға болады. Немесе сайыс ұйымдастыру: кім ойыншықтарды тез жинайды екен, тағы басқа әдістерді ойлап шығару болады. Ең бастысы, бірізділікті болыңыз. «Ойыншықтарды кеше сен жинадың, бүгін мен жинайын, ертең солай шашылып жата берсін» — деп, тәрбиелеуге болмайды.
Қажеттілік әдетке үйрету үшін, өзіңіздің ниетіңізден айнымаңыз.
Бала, әрине, ойнайды, бірақ біртіңдеп керек ережелерге үйренеді: ұйықтау, ас ішу, серуенге бару адында ойыншықтарды өз сөрелеріне, жәшіктеріне, т.б. «үйлеріне» орналастыру әдеті.

Басқа балалармен ойыншықтарымен бөлісу, тартып алмау, өз-өзін басқа балалармен ренжітпеу әдеттеріне қалай үйрету керек?

 

 

Біржарым жастағы сәби екінші сәбидің қолынан күйрегін жұлып алса, ол ешқандай қылмыс жасап жатқан жоқ: осындай нәзік жастағы баланың «менікі», «бөтен» деген елестеуі жоқ. Шекарашылықты өткізе алмайды, өйткені барлық әлем оған «бәрі менікі!». Өзіне ұнағанды тартып алғысы келеді: құмғышта, қонақта, дүкенде, өйткені, осы уақытқа дейін ол өз үйінің шегінде өмір сүріп үйренген, «бәрі менікі!», деп. Балаға қажетті емес заттарды сіз одан алыс, көрінбейтін жерге қоятын едіңіз.
«Бәрі менікі!» деген ұғыммен келген баланы балабақшада ешкім мадақтамайды. Бір жағынан, балабақшадағы ойыншықтар бәрі жалпы (басында 3-4 жастағы балаларға түсініксіз ұғым), екіншіде, сәбилер үйлерінен өзі сүйетін ойыншығын балабақшаға әкелгісі келеді және әкеледі. Осыдан балалардың арасында көп түсініксіз болады. Кішкентай сәбиді бесікарбасынан шыға бергесін, «менікі» және «басқанікі» деген ұғымдарды есіне еңгізу қажет.
Баланың «агрессиялық» тәртібіне ашуланбаңыз: біреудің әдемі машинасын аламын дегені ол агрессиялық емес. Есіңізде болсын: бала әлі үйреніп жүр! Сіздің міндетіңіз – балаға көмектесуге!
Екінші жағынан, басқасын да ескерту керек. Біреудің ойыншығын тартып алу деген жақсы қылық емес. Өкінішке қарай, балалар алаңында осылай ойлайтын аналарды кездестіруге болады.
Біреудің ойыншығын алу – психологиялық жағынан – 3-4 жастағы балаға ауыр қылмыс емес. Ең бастысы – тәрбиенің бірізділігі. Осындай оқытудың қателігі – басқа аналардың мейірімділік ниеті. Сіздің балаңыз басқа баланың күрегін тартып алғысы келгенде, «құрбан-баланың» анасы өзінің сәбиінде жақсы ішкі сезімдерді тәрбиелеу үшін, осылай деп үйретеді: «қымбатым, сараңдылы болмашы, осы балаға күрегіңді бере тұр, біраз ойнасын!». Егер сіз өз балаңыздын болашағын ойласаңыз, осындай «сыйлықты» алуға рұқсат бермеңіз! «Бере тұр!» деген анадай болмаңыз. Егер сіздің балаңыздын ойыншығын аламын деп біреу тырысса, сіз ашуланбай, сеніммен ондай қылықты жасатпаңыз.
Кішкентай сәбиге бөтен ойыншықтар өз ойыншығына қарағанда қызықты сияқты болып көрінеді. Ең оңайы, балаңызды ойыншықтарды ауыстыруға үйретіңіз! Бір жастағы балалар «Бер!», «Мә!» деген сөздерді жақсы түсінеді. Балаңызға басқа баланың ойыншығы ұнап тұрғанын сезсеңіз, сіз өз балаңызға үсыныс беріңіз. «Кәне, сұрап көрейікші?! Біз өзіміз не бере аламыз?»
Сәбилер өз ойыншықтарымен көңілді бөліседі. Егер «ауыстыру» өтпесе «келіссөзді» созбау керек. Басқа бала өз ойыншығын «бермеймін!», «ауыстырмаймын!» десе не істей аласыз, ештеңе емес! Өз балаңыздын назарын басқа ойынға аударыңыз.
Өтінеміз. «сараңды!» деген сөзді ұмытыңыз. Өз балаңызға, әсіресе басқа балаға айтуға сақ болыңыз. 1,5-2 жастағы бала өз ойыншығымен басқа баламен бөлісе алмайды. Егер ол ашуланбай өз ойыншықтарымен басқа балалармен бөліссе, сіздің балаңыздын мырзашылық қасиеті дамығаны емес, өйткені балаға бәрібір – ол өзінікін саспай беріп, солай да саспай басқа біреудікін жұлып алады. Егер ол өзіндікін ешкімге бермесе, сіз өз-өзіңізді құттықтай аласыз: сәбидің меншік сезімі қалыптасады! Бала «менікі!», «басқанікі!» деген ұғымдардың айырмашылығын түсініп, біртіңдеп басқа балалардың меншіктеріне құрметпен қарауға тәрбиеленеді.

Бала неге жылайды?
Баламен қоштасу жолдарының тиімдісі

 

 

Баланың жылағаны – ренжігенін көрсету бірден- бір әдіс.
Балаға пайдалы қоштасуының рецептін тауып көрейік.
- Жұмыстан қалмау үшін және баламен қоштасуға уақыт қалтыру үшін, 5-10 минут ертерек жиналыңыз.
- Балаға қайда, неге баратыңызды ашық айтыңыз (мысалы: «Мен дүкенге барамын», «Мен жұмысқа компьютер басуға барамын»). Бала түсінбейді деп қорықпаңыз: сіздің сабырлы, ашық дауыс ырғағыңыз балаға көрсетеді: ананың баратын жері – жақсы жер, ананың айналасатын ісі – пайдалы және ұнамды.
- Қайтып келетін мезгіліңізді балаға анық айтыңыз. Уақытын балаға айтуға қажет емес (кішкентай сәби түсінбеуге мүмкін). «Сен асыңды ішіп, серуендеп, ұйықтап болғасын, мен де келемін», — деп айтуға болады. Осындай түсінікті бала ұғады.
- Балаға кіммен қалатынын, не істейтінін түсіндіріңіз. Мысалы: «Сен тәрбиеші Нина Николаевна және басқа балалармен қаласың. Сендер ас ішесіңдер, серуенге шығасыңдар, бірге ойнайсыңдар, сосын бәрің мені қарсы аласыңдар!»
- «Жүлде әкелемін» деп балаға уәде бермеңіз, бірақ, бірдеме ала келші десе, бас тартпаңыз. Баланың тілегі ыңғайсыз болса – өзіне тура айтыңыз. Бала ештеңе сұрамаса да, анда-саңда сіз оған бір ұнамды затты әкелетін болыңыз (печенье, кәмпит, алма, дәптер, т.б.), яғни бала сезу керек, сіз одан алыс болғанымен, ұмытқан жоқсыз, кездесуге дайындалдыңыз.

 

Мен өзім бәрін істей аламын!

 

Балабақшаға баратын баланың дағдылары
Балабақшаға баратын бала, әрине, өзін-өзі күту дағдыларын игереді: киіну, ас ішу, дәретханаға бару, жуыну, бет-қолын сүлгімен сүрту. Тәрбиешілер түймелеу, байлау іс-әрекеттеріне көмек көрсетеді, бірақ, әр уақытта он бес, мүмкін одан көп болған, балалардың киімдерін ауыстырып, әрқайсысына ас беруге, үлгермейді!
Екі жастағы баланы дербестілікке үйрету ең ыңғайлы жас. Кішкентай адамның психикалық даму заңымен табиғаттың өзі де сіздің жағыңызда. Үш жастағы баланың өмір ұраны: «Мен өзім!». Осы жастағы баланы дербестілікке үйрету қажет емес – ол өзі осыған қоймай және қажырлы тырысады. Сіздің көмегіңіз балаға қажет емес. Қойған мақсатына жетіп қанағаттанады. Балаға дербестілікті болуға бөгет жасамаңыздар. Бұл өте маңызды сәт! Үш жастағы бала дербестілік дағдылырын меңгереді: ішу-жеу, тіс тазалау мен жуыну, киіну-шешіну, уақытында дәретке бару. Ойыншықтарын жинау, орнына қою, үстелді сүрту, киімді ретімен жинау дағдыларын меңгереді.
Өз жұмыстарыңызды жоспарлағанда, алдын-ала күн тәртібіңіздің бір-біржарым сағатыңызды баланың «дербестілігіне» сақтаңыз. Балаңыздың күші келетін іс-әрекетті оның орнына орындамаңыз. Екіншіде, баланың күші келмейтін тапсырмаларды бермеңіз, сәби амалым жоқ деп сезбесін, қайта көбірек жетістіктерге жете берсін.

 

 


 

Психологтың кіріспе сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгін біздің көтеріп отырған мәселеміз бұл – баланы мектепке дайындау мәселелері.

Бұл тақырып өзекті болып келді, әлі де өзекті болып отыр.

Өйткені мектептегі өзекті мәселелердің бірі ол- баланың қиын бейімделуі, баланы 1 сыныпқа қабылдайтын педагогтардың айтуынша ең қиын мәселе бұл – оларды оқыту емес, оларға өз бетінше киініп шешінуді, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсе білуді, еркелік, жылау, эмоционалдық тұрақсыздық т,б. қарапайым үй жағдайында отбасында қалыптастыруға болатын мінез құлықтарды түзеумен шаршайтындарын айтады.

Ал психологтар бұл мәселені- баланың мектепке психологиялық дайын болмауы деп түсіндіреді. Сонымен, менің бүгінгі сіздерге айтқым келіп отырғаны - осы баланы мектепке психологиялық дайындаудағы маңызды компонентері жайлы және оларды қалыптастырудағы ата-ананың ролі.

Ұлы педагогтар мен психологтардың тұжырымдары осыған куә: «Мектепке дайын болу деген- оқып,жазып, санауды білген жеткіліксіз, мектепке дайын болу деген – осының барлығын қабылдауға дайын болу» (Леонид Абрамович Венгер)

Сонымен, баланың мектепке дайындығы дегенді қалай түсінуге болады?

Ол қажет пе? Не үшін баланы дайындау керек? Ол деген мектеп пен балабақшаның міндеті емес пе? – деген түрлі сауалдар мазалайды.

Оған былай жауап берейік: Қажет пе, емес міндетті түрде дайындау керек, балаңыз құрбыларымен ілесіп жүруі үшін, отбасындағы өз анасының немесе әкесінің қолдауымен берілген білімді және тәрбиені ешқандай психолог пен педагог бере алмайды. Сондықтан бұл жерде тек қана ата-ананың аз ғана қызығушылығы болса ол қалай дайындаудың мәнісін табатын болады. Міне, біздің де айтпағымыз осы бағытта болып отыр.

Сонымен, мектепке дайындықтың ең маңызды компоненттерін мына 4 бағытта қарастырып көрейік.

1-      Физиологиялық дайындық.

2-      Психологиялық дайындық.

3-      Педагогикалық дайындық.

4-      Сөйлеу тілінің  дайындығы.

Физиологиялық дайындығы дегеніміз- баланың мектеп қабырғасына баратын уақыттағы жасы 6,5-нан кем болмауы  тиіс. Баланың 40 минутқа өзін-өзі  ерікті түрде ұстап отырудағы шыдамдылығы, оның көруі, естуі, ұсақ және ірі моторикасының жасына лайықты жетілуі. Дұрыс тамақтануы,т.б . Денсаулығы бойынша 3-4 топтағы балалардың мектеп жүктемелеріне төзімділігі төмендеу болғандықтан ерте бармауы, нормадан  аздап алу мүмкіндігін ескеруі. 

Психологиялық дайындығы дегеніміздің өзін бірнеше  бағытта қарастыруға болады. Мысалы:

  • Баланың әлеуметтік-тұлғалық дайындығы- баланың құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынас құра білу қабілеті. Жаңа ортаға бейімделу үшін қажет болғанда өзінің «Менін» кішірейтіп, бағынуға,жол беруге, күте тұруға дағдылануы керек екені түсінуі. Өзінің балабақшадағы өмір сүру дағдыларының өзгергенін түсініп, жауапкершілікпен таңертең тұруы,т.б
  • Баланың бойындағы және қимыл-қозғалысындағы ерік - жігер дайындығы- мектепте баланы ауыр еңбек күтіп тұр. Білім алу үшін еңбектену керек екенін түсініп, бала өзіне ұнайтын не қызықтыратын дүниемен ғана айналыспай қажетті заттарды , мұғалімнің талабы бойынша бағдарламаға сәйкес әрекеттерді немесе берілген үлгілерге сәйкес тапсырмаларды орындау барысында қимыл-қозғалыс  координациясының бағынуы қажет.  (Графикалық диктанттар)
  • Баланың интеллектуалдық дайындығы-  мектептегі білімді,яғни оқып, санау мен жазуды жақсы меңгеруі үшін баланың танымдық қабілетінің даму деңгейі өте маңызды роль атқарады. Бала салыстырып, ортақтастырып, талдау жасай білуі  қажет.  Атап айтқанда: зейін,ес, ойлау,сөйлеу сияқты психикалық құбылыстардың дамуы. Егер 6-7 жасқа келген бала өзіне көрсетілген белгілі бір әрекетке 5-10 минут тоқтай алмаса ол қалыпты дүние емес.
  • Немесе жаттығу арқасында  10 сөзді есінде сақтай алмаса ол да қорқатын дүние. (ойындар)
  • Баланың мотивациялық дайындығы-  бұл баланың оқуға деген  ынтасының және қызығушылығының болуы. Ата-ана тарапынан әңгімелесу, экскурсия, танымдық мектеп туралы  мультиктер көрсетіп баланың мектепке деген қызығушылығын арттыруы, олардың мектеп туралы жақсы ой қалыптастыру. Не үшін баратындығын түсінуі.

 

Ата-ананың қателіктері:

1-қателік-  Ата-ананың «Мектепте барлық нәрсені үйретуге тиіс,баланың миын ашытудың қажеті жоқ» деген көзқарасы. Ия, әрине үйренеді бірақ қандай қиындықпен. Өйткені қалған құрбыларының деңгейінен төмен болса баланың өзіндік бағасы да төмен болады. Қарапайым әріптерді тануы, сандарды тануы, қарындашты ұстай білуі деген дағдылары болмаса балаға  құрбыларын қуып жетуіне  тер төгуі керек болады.

2- қателік- Ата-ананың «Мектепке дайындауда біздің қолымыздан ештеңе келмейді, ол тек педагогтардың ғана қолынан келеді»- деген көзқарасы.  Негізінде үй жағдайында өз анасының баламен түрлі ойын жаттығуларын жасауы көп көмегін тигізеді.  Тек қандай әрекет жасау керек екендігі туралы аздап ақылдасып, соған уақыт табылса болғаны.

3-қателік-  Соңғы уақытқа дейін жүріп аз ғана қалғанда баланы жұлқылап, күндіз түні демалыссыз үйрете бастау әрекеті.

4-қателік – Өз баласының қабілетін ескермеуі. Баланың қабілетімен санаспай жүктемелер қойып,талап етуі.  Тым жоғарғы талаптар қою.

5-қателік- Мектеппен қорқытып үркіту арқылы тәрбиелеу.

Құрметті ата-аналар айтылғын қателіктерді жібермей, балаларыңызды мектепке психологиялық тұрғыдан жақсылап дайындауға сіздерге сәттілік тілеймін!