16.11.2022 жылы

Тобы: «Құлпынай» ересек жас тобы

Тақырыбы: «Ұлытау облысына вертуальды саяхат»

Мақсаты: Балаларды тұрғылықты жерінің қала  атауымен, жақын орналасқан көшелерімен, белгілі құрылыстарымен (ғимараттар,ескерткіштер, фонтандар) таныстыру.

Міндеті:  Туған өлке туралы мәлімет беру. Ойын арқылы әңгіме  құрауға үйрету.

2.Балалардың  ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Балаларды туған жердің табиғатын, табиғатын қалаларын, аялауға тәрбиелеу

Әдіс-тәсіл: Сұрақ - жауап, түсіндіру,  презентация көрсету, сурет салу, мадақтау.

ҰІӘ барысы:

Педагог: Нейрожаттығулары арқылы балалармен амандасып, топқа кіргізу.

Балалар: Өздеріне ұнаған суретті таңдап, жаттығу жасайды.

Педагог: Біз қай республикада тұрамыз?

Балалар: Қазақстан Республикасы

Педагог: Біздің қаламыз қалай аталады?

Балалар: Жезқазған

Педагог: Біздің бөбекжайымыз?

Балалар:Айгөлек бөбекжайы

Педагог:Тобымыз қалай аталады?

Балалар:Құлпынай тобы

Педагог: Жарайсыңдар балалар, енді біз сендермен бірге презентация көрейікші. Біз 8 маусымнан бастап Ұлытау облысы болып құрылдық. Ұлытау облысына саяхат жасайық.(Презентация көріп, көрікті жерлерге саяхат жасайды).

Балалар: презентацияны мұқият көреді.

Педагог: Саяхатымыз ұнады ма? Ондай болса біз жаңа облысымыздың көркейіп гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

Ол үшін сурет салайық (гүлдің сурет салу тәсілін көрсетеді). Ал суретімізді салмас бұрын сергіп алайық. Орнымыздан тұрып, «Топ-топ балақай» сергіту сәтін жасайық.

Балалар: мұқият тыңдап, түсініп, сергіту сәтін орындайды. Гүлдің суретін салады.

Педагог: Жарайсыңдар балалар, суреттерін әдемі болып шықты. Ондай болса ойын ойнайық. Үстелдің үстінде Жезқазған қаласының көріті жерлерінің суреттері және ақ сиқырлы қағаздар бар. сиқырлы қағазымызға жарық түсірсек ішіен суреттер көрінеді. сол суреттерді сәйкестендіреміз.

Балалар: Балалар ойын ойнайды.

Педагог: Жарайсыңдар. Бүгінгі ҰІӘ  барлықтарын жақсы ат салыстыңдар. Осымен ҰІӘ аяқталды.

Балалар: Сау болыңыз!

Ашық есік күні:

«Бөбекжайдағы бір күнім»

Ересек жас: «Құлпынай» тобы

2022-2023 оқу жылы

ҚББ педагогы: О.М.Садыкова

Жезқазған