Балалардың жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздігін үнемі қадағалауда ұстауларыңыз сұралады.Топ тәрбиешілері тарапынан мектеп жасына дейіңгі жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздігі туралы мамыр айында ақпараттар беріліп, жадынамалармен таныстырылды.
Сондықтан жазғы демалыс кезінде жеке бас қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында балалардың қауіпсіздік ережелерін сақталуын балалардың қараусыз, қадағалаусыз қалмауына, бейберекет ата-анасыз көшелер мен су және су маңында жүрмеуін, суға үлкендердің қадағалауынсыз түспеуін үнемі өз қадағалауларыңызда ұстауларыңыз сұралады!!!
Сонымен қатар:
- өрт қауіпсіздігі (тез тұтанғыш және өрт туындауына себеп болатын заттарды балалардан аулақ ұстау)
- су және су маңындағы қауіпсіздік (ата-анасыз суға түспеу және су маңына бармау!)
- жол-көлік оқиғаларының және жол-көлік жарақаттануының алдын алу
-жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау й
- тамақтан (сатылатын орын мен дайындалуы белгісіз тағамдарды алмау) ұланудың алдын алу
-маусымдық жұқпалы және ішек-құрт ауруларына шалдығудың алдын алу
- терезен құлаудың алдын алу
- ғаламтордағы (әлеуметтік желідегі) қауіпсіздік (балалардың көп уақытын әлеуметтік желіде өткізуінің алдын алу), таныс емес конттеттер мен бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспеуінің алдын алу.
- терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттерден сақтану.
- қаңғыбас жауарлардан (иттерден) сақтану
- балалардың заңды өкілдерінсіз көшеде, таныс емес ортада, кешкі мезгілде бейберекет жүруінің алдын алу
БАЛА БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!
БАЛА ӨМІРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҮНЕМІ ҚАДАҒАЛАУДА ҰСТАҢЫЗ!!!
https://zhez-aigolek.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/859-rmetti-ata-ana.html#sigFreeId0c086bd3ce






