"Кел,балалар оқылық" апталығы 08.11-12.11.2021ж аралығында өтеді.
Апталықтың 1-ші күні
Мақсаты: тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту бойынша топтардағы жұмысты жандандыру.
Міндеттері:
- Балалармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістерін жаңарту арқылы білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылында балаларды кітапқа тарту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиетке деген тұрақты қызығушылығын дамыту;
- Балаларды кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, кітап сүйер қауымды әлемге тарту;
- Ата-аналарды балалардың оқырман қызығушылығын, кітапқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты дамытуға ынталандыру;
- Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу сауаттылығына тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
- мектеп жасына дейінгі балалар көркем әдебиетті қызығушылықпен оқиды;
- кітапқа ұқыпты қарайды;
- ата-аналар балаларды әдебиет оқуға ынталандырады;
- мектеп жасына дейінгі балаларда оқу сауаттылығы қалыптастырылды.
https://zhez-aigolek.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/629-kel-balalar-o-yly-aptaly-y-08-11-12-11-2021zh-araly-ynda-tedi.html#sigFreeIdb8dcf96b4a






