Серуен – мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі.

Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын - алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.

Серуеннің міндеті:

Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру;

Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру;

Баланың қимыл белсенділігін арттыру;

Баланың танымдық, көркем - эстетикалық, әлеуметтік - тұлғалық дамуына ықпал ету.