4-наурыз ән-күй жетекшісі Г.А. Удербаеваның ұйымдастыруымен "8-наурыз- Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне арналған ересек «Жұлдыздар» және «Қарлығаш» тобында мерекелік ертеңгілік өтті. Әр топта жылы, мейірімді атмосфера орнады. Мерекеге қатысқан тәрбиешілер өздерінің шығармашылық шеберліктерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерін жақсы әртістер ретінде көрсетті. Балалар өздерінің өлеңдерімен, билерімен, әндерімен әжелерге, аналарға көктемгі нәзіктік пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.