Жыл сайын біздің "Айгөлек" бөбекжайында 8-Наурызға арналған мереке атап өтіледі. Осы жылы да тәрбиеленушілер өз тәрбиешілерімен бірге ең қымбат, әдемі, сүйікті аналар мен әжелерге мереке дайындады. 3-наурыз ортаңғы "Құлпынай" және мектепалды даярлық "Пчёлки" топтарында балалар мен олардың ата-аналарына қуаныш сыйлау, женьшинаға, анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет қалыптастыру, әртүрлі іс-шаралар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында мерекелік ертеңгілік өтті. Мерекеге арнап балалар көктем туралы өлеңдер оқып, анасы, әжесі туралы әндер айтты, би биледі, ойындар ойнады.