"8-Наурыз халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай көктем мезгілінің 1-ші аптасында «Ақ мамам» атты ертеңгілік өтті. Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Балалардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету мақсатында 2-ші наурыз күні кіші «Көбелектер» , «Құлыншақ» , «Күншуақ» топтарында мерекелік ертеңгіліктер өтті. Балалар ертеңгілікте өздерінің аналары мен әжелеріне арнап тақпақтарын, әндерін, билері мен тілектерін орындады.






