№7 «Айгөлек» бөбекжайы КМҚК шығармашылық топ мүшелері «Әжемнің ертегісі» облыстық жобасының кезекті жоспарына сәйкес,  Ата-аналарға ертегі арқылы баланы  тәрбиелеу жолын ашу,  ата–аналардың қазіргі заманда ертегіні қолдану аясын анықтау, ата-ана мен бала арасында қарым қатынасты анықтау, баламен үйде жүргізілетін жұмыс түрлерімен танысу және қорытындылау мақсатында  «Балдырған», «Құлпынай», «Көбелектер», «Құлыншақ», «Күншуақ» топтарының ата-аналарынан «Бала тәрбиесіндегі ертегінің рөлі» тақырыбында сауалнама жүргізілді.