Мектеп жасына дейінгі балаларға Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеру. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында 2020 оқу жылының 30 қараша күні апталықтың кезекті жоспарына сәйкес , бөбекжайдағы кезекші топтарда «Елін сүйген Елбасы» атты әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.
https://zhez-aigolek.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/233-elin-s-jgen-elbasy-atty-gimelesu-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigFreeIdd60a014886






