Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығының  жоспарына сәйкес,  «Жезқазған қаласы білім бөлімі» ММ –нің  2020 жылдың 17 қараша айындағы № 01-7-8/992 хатына сәйкес, №7 «Айгөлек» бөбекжайы КМҚК ұжымы «Әжемнің ертегісі»  облыстық жобасы негізінде жұмыс жүргізуді бастады.   Жоба барысында «Балдырған», «Құлпынай», «Көбелектер», «Құлыншақ»,  «Күншуақ» топтарының тәрбиешілерінен шығармашылық топ құрылып, жобаның жоспары бекітілді.  Жобаның жұмыс жоспарын жүргізу жауапкершілігі инновациялық әдіскер А.Д. Аширбекова мен тәрбиеші А.Қ. Рақымжанға  жүктелді.