«Менің Қазақстаным»

Бөбекжайда біз балаларға білім беріп, тәрбиелеп қана қоймай, сонымен  бірге Республикамыздың  лайықты азаматын тәрбиелейміз, Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімдерін тәрбиелейеміз. Біздің бөбекжайымыздың ортаңғы, ересектер және даярлық топтарының арасында «Менің Қазақстаным!» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Балалар бұл шараға белсене қатысты, олардың суреттері көз қуантады.

Бұл көрменің мақсаты: ата –аналарды бөбекжайымыздың өміріне қызықтыру. Жас ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен Қазақстанның тарихына және мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру. Сондай-ақ, жас жеткіншектердің бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. 

Міндеті: ата-аналар мен балалардың шығармашылық қиялдарын көрсету;

Бұл көрмеде балалар шығармашылығының керемет бір туындыларын көруге болады.  Балалар өз ойынша, ата-аналарының көмектеріне сүйеніп, бірлесе отырып Астананың биік ғимараттарының суреттерін салды. Бейнелеуге олар түрлі-түсті қарындаштар, бояулар және майлы қарындаштар пайдаланған.

«Құлпынай» тобынан: Федоров Радомир, Сәбит Дінмұхамед, Махмудов Хабиб, Молдабай Мерейім, Мұхиден Ақберен, Көбейсін Нұрқанат, Гильманов Сергей қатысса,

«Балдырған» тобынан белсенділік көрсеткен: Ферғана Фархат, Джексенбаева Аймерей, Қанат Қайсар, Уалихан Манас.

«Қарлығаш» тобынын атынан: Тышкенбаева Айгерім, Евдокимов Илья.

«Жұлдыздар» тобынан: Рахым Мерей.

«Пчелки» тобынан:  Көбейсін Жанайдар, Ким Русалина, Федоров Ян.

«Көбелектер» тобынан: Ертай Мансұр, Тылеген Аружан, Нұралы Алия, Абаева Айым,  Абжалел Айлмн, Төлеш Айкөркем, Махмет Аяла, Жүзбай Ержігіт, Қайрат Мансұр, Амангелді Әміржанқатысып, белсенділік танытты.

Балалардың суреттерінің мазмұны тақырыбына сай, таза, ашық, қанық түстермен боялғаны көңілге өте қонымды болды.

Келешекте осындай балалар шығармашылығына байланысты жұмыстар жүргізіп, ұйымдастырып тұрсақ балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін және ынтасын арттыруға болады.