№ 7 «Айгөлек» бөбекжайында «Берекелі, мерекелі күз келді» апталығының жоспарына сәйкес қазан айының 29-ында Ортаңғы «Құлпынай» тобында «Күз мереке, күз береке» ертеңгілігі болып өтті. Ертеңгілікке Мухомор келіп, балалардың тақпақтары мен әсем әндерін тыңдады. Балалар ойындар ойнап, билерін биледі. Ертеңгілік барысында балалардың көңіл күйлері көтеріліп, ертеңгілікке аса қызығушылықпен қатысып,  белсенділік таныта білді.