Апталықтың бірінші күні кіші «Көбелек», «Күншуақ», «Құлыншақ» топтарында «Күз кереметі» атты ертеңгілік  қазан айының жиырма жетіснде өтті.

  Қазіргі жағдайға байланысты ертеңгіліктер топтарда өтуде және сақтық шаралары сақталуда. Ертеңгілікке «Алтын күз» ханшайымы қонаққа келді. Балалар ән айтып, би биледі және ойын ойнады. «Алтын күз» ханшайымы ертеңгілік соңында балаларға әкелген сый-жемістерін таратып берді. Ертеңгілік көңілді өтті.

 

Күз – өте керемет мезгілдердің бірі.  Сол күз мезгілінің сиқырлары балаларға дәріптеу мақсатында "Алтын күз, жарқынкүз" атты ертеңгілік өтті. «Құлыншақ» тобы, «Күншуақ», «Көбелектер» тамаша өнерлерін көрсетті, және де би билеп, ән салып, жақсы ойындар ойнады.