2020-2021 Оқу жылының жылдық жоспарына сай, №7 «Айгөлек» педагогтары және топтары арасында «Үздік педагог-2020», «Үздік топ-2020» атты байқау өтті.
Байқаудың мақсаты:
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыру;
Бала тәрбиесіндегі педагогтардың алатын орны мен маңызын насихаттау;
Бөбекжай педагогтарының шығармашылық ізденісі мен қабілеттілігін дамыту.
Байқаудың нәтижесі бойынша «Үздік педагог-2020» атағын «Музыка жетекшілері», «Үздік топ-2020» атағын «Құлыншақ» тобы иеленді және байқауда шығармашылық тәжірибе мен кәсіби шеберлік танытқаны үшін «Көбелектер» тобы Алғыс хатпен марапатталды.






