Кіші «Көбелектер», «Құлыншақ» топтарында Халықаралық әйелдер күніне орай «Анашым –ана жаным» атты ертеңгілік өтті.

Ертеңгілікте бүлдіршіндер ақ жаулықты әжелері мен аяулы аналарына арнап тақпақтар айтып,  «Құттықтаймын мама туған күніңмен» және «Әжемнің шайы» әндерін шырқады. Қыз балалар «Қуыршақтар» биін билесе, ұл балалар «Аспазшылар» биін биледі.