2020жылдың 03 наурызында түскен №06-01/41 хаты негізінде, 2014 жылғы 14 сәуірдегі «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,

мемлекеттік органдардың аумақтық ішкі жүйесіндегі 2020 жылға арналған Қарағанды облысының бақылау органдары мен күштерін даярлауға арналған негізгі іс-шаралар жоспарының азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар кезіндегі даярлықты жетілдіру мектепке дейінгі ұйымының басқарушы органдары мен педагогикалық және техникалық ұжымының теориялық білімдері мен дағдыларын күшейту мақсатында наурыздың 04-15 күндері аралығында танымдық ақпараттық іс-шаралар өтті. Іс-шаралар барысында педагогтарға арналған кеңестер берілді,  балаларға әңгімелесу, ақпарат беру жұмыстары жүргізілсе, ата-аналар бұрышына тақырыпқа байланысты үгіт-насихат жаднамалары ілінді. Қорытынды ретінде топтар арасында тақырыпқа сай балаларға сурет салынып, көрме жасалды.