Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке 1 – наурыз «Алғыс айту» күні.
Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.

Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Осы мақсатпен №7 «Айгөлек» бөбекжайында мереке қарсаңында тәрбиеленушілер мен ата-аналарға арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында  ата-аналарға  мерекелік көңіл күй, сазды әуен, арнайы  тосын сыйлар тарту етілді.    Ата-аналар өз алдарына бөбекжай ұжымына, тәрбиешілерге құттықтау тілек лебіздерін  білдіріп, мерекелік  ашық хаттар мен плакаттар  тарту етті.


Әрине, алғыс алу үшін өмір бойы жақсылық  жасауымыз қажет! Ол үшін біз әлсізге - демеу, жетімге - жебеу, үлкенге -ізетті, кішіге - қомқор болуға тиістіміз. Сонда ғана халықтың шынайы алғысына бөленеміз. Дүниедегі ең үлкен марапат – ол қарапайым халықтың берген бағасы мен халықтың берген алғысы. 

Барша отандастарымызды алда келе жатқан «Алғыс айту» күнімен шын жүректен құтықтай отырып, ел-жұртымызға алғысымызды білдіреміз!