Елімізде білім, тәрбие беру саласында ежелден келе жатқан халық тарихының салт дәстүрінің рухани ата –баба мұраларының алатын орны зор.

ҚР Білім және ғылым министирлігінің шешімімен қабылданған Қазақстанның Республикасындағы мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық рухты жаңартуды аса маңызды стратегиялық бағытқа алып отыр. Осы жолда негізгі міндетіміз оқу ұйымдастырудағы оқу-қызметінде ұлттық рухта тәрбиелей отырып білім сапасын арттыру. Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенмен мұнан кейін балабақшаның да ролі зор.Ұлттық тәрбиеден салт –дәстүр ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз. Ұлттық салт дәстүрді мәдениетпен өнерді насихаттау –тәрбиенің төресі. Көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ,т.б ойындарымыз арқылы қазақи қайнардан тәлім алса ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өседі. Бөбекжайдағы сәбилерге жоғары деңгейдегі ұлттық сана сезімді,рухани мұраларға және ұлттық мәдениетке деген құндылықтарды қалыптастырып, рухани мұраға және ұлттық мәдениетке құндылық қатынастарын қалыптастыру отансүйгіштік, ұлттық намыс сезімдерін қалыптастырады. Міне осы мақсатты ұстанған бөбекжайымыз семинардың барысында өз тәжірбиелерімен бөлісті.