24.01.2020 жылы өткен ән-күй ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Күмбірлеші Домбыра!»

Балаларға қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы таныстыра отырып, музыканы тыңдауға, әуен ырғағын бұзбауға, күйдің көңіл күйін сипаттауға үйрету мақсатында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар домбыраның құрылымымен танысып, күй атасы Құрманғазы Сабырбайұлы,   Дина Нүрпейісовамен танысты. Күй тыңдау арқылы шертпе, төкпе түрлерін ажыратты. Сонымен қатар Алдар көсеге аспаптарды ажыратып, олардың дыбысталуын тыңдап, қимылмен көрсетіп көмектесті. Балалар Домбыра биін билеп, «Қасиетті Домбыра» әнімен ұйымдастырылған оқу қызметін аяқталды. Ұйымдастырылған оқу қызметі балаларға өте мәнді және танымды, қызықты өтті.