24.01.2020 Экологиядан ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: Эксперимент «Ауа қасеттері»
Балаларға «Өлі және тірі табиғат» тақырыбын қайталай отырып ауа туралы білімдерін жетілдіру мақсатында балалармен зертханалық жұмыстар жүргізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде көжек қонаққа келіп ауа туралы таныстыруын сұрады. Көжекке көмектесе отырып, «Өлі және тірі табиғат» туралы өткен оқу қызметін қайталап өтті. Сондай-ақ балалар зерттеу бөліміне барып ауаның құрылымы,оның қысымы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіп білімдерін шыңдады. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар өте белсене жұмыс жасап, жақсы көңіл-күйде отырды.
https://zhez-aigolek.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/157-eksperiment-aua-asetteri.html#sigFreeId0b4a0538d8






