Ортаңғы «Ә» Жұлдыздар тобының ашық ұйымдастырылған

оқу қызметінің есебі

Білім беру салалары:«Әлеумет»

Бөлімі: Экология негіздері                                                                          

Тақырыбы: «Орман аңдары»

Мақсаты: Жабайы аңдар туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Балаға жабайы аңдар туралы түсінік беру, атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту; жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктерді және ойынды пайдалана отырып, баланың ой - өрісін дамыту.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Шаттық шеңбер

2.Мотивациялық ой қозғаушылық

3.Оқу қызметін «Ғажайып алаң» ойын түрінде өткізе отырып, барабанды айналдырып түскен тапсырмалар бойынша жабайы аңдар аю, түлкі, қоян, қасқыр жайлы айтып, олардың тіршілігі, мекендейтін орны туралы әңгімелесу.Және де жануарлардың балаларын аттарын атап, ажырата алуға үйрету.

4.Сергіту жаттығулары.

  1. Аңдар бейнесін дақылмен жапсыру арқылы сабақты қортындылау.

Балалармен осы қойылған мақсатқа жеткізе отырып, балалардың белсенділігін дамытып, оқу қызметіне қызығушылығын арттыру. Жабайы аңдарды дұрыс атауды үйренді. Жабайы аңдардың даусын ести отырып,олардың да даусын ажырата алады.

Балалар әр жануардың төлін ажыратып, атауды үйреніп, дақылмен аңдар бейнесін жапсыруға дағдыланды.