Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі :Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Ғажайып пішіндер әлемі
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып , қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып, айта білуге , оларды қоршаған ортамен салыстырып ,түр-түсін , заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің өтілу барысы.
1.Шаттық шеңбер.
2.Мотивациялық ой қозғаушылық.
3.Сұрақ-қойып жауап беру арқылы балалардың пішіндерді айта білуге үйрету.
4.Үстел үсті ойындар арқылы балалардың тілдік қорларын дамытып зейінін ашу.
5.Сергіту жаттығулары
6.Сұрақ-жауап , қайталау түсіндіру арқылы сабақты қортындылау.
Балаларды осы қойылған мақсаттарға жеткізіп, балалардың көосеткен жұмыстарын бағалап, балаларды іздемпаздыққа тәрбиелеу.Геометриялық пішіндерден белгілі бір заттың бейнесін құрастыра алуды үйренді.Қағазбен жұмыс жасауда, оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра отырып заттарды құрастыра білуді үйреніп, өз бетімен суретті құрастыруға дағдыланды.
https://zhez-aigolek.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/155-orta-y-a-arly-ash-tobyny-ashy-jymdastyryl-an-o-u-yzmetini-esebi.html#sigFreeId97bf204c9b






