Кіші «А» «Көбелектер» тобының ашық ұйымдастырылған

оқу қызметі өтінің есебі

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: «Ғажайып түстертер әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл.Балалардың қол моторикасын дамыту, ой-өрістерін  және жылдамдықтарын арттырып, сөздік қорларын молайту. Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің өтілу барысы:

1.Шаттық шеңбер.

2.Мотивациялық ой қозғаушылық.

3.Автобуспен саяхатқа шығу.

4.1 ші аялдама «Шарлар» аялдамасы.

Тапсырма: «Шарларды өз себетіне жинаймыз» Дөңгелек шарларды  өз түстеріне сәйкес келетін себеттерге салғызу арқылы балалардың негізгі түстерді айыра білу, дұрыс атай білу дағдыларын қалыптастыру.
5.2 ші аялдама «Үйшік» аялдамасы
Тапсырма: Балаларға үйдің бейнесін салынған ақ парақтарды беріледі, геометриялық пішіндерді пайдалана отырып,сол үйдің өз -өз пішіндерін дұрыс орын – орына қойғызу.

6.Сергіту сәті.

  1. 7. 3- аялдама «Пирамида» аялдамасы. Балаларға біріге отырып пирамида құрастырту.

8.Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі сұрақ-жауап арқылы қорытындыланды.Оқу қызметі өз мақсатына жетті. Түрлі түсті шарлардың әр қайсысын өз себеттеріне салғызу арқылы балалардың түстерді айыра білу қабілеттері артты. Геометриялық пішіндерден үйдің бейнесін құрастыруға үйренді.Пирамидаларды дөңгелектерді көлемдеріне сәйкес дұрыс жинай білуді үйренді. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалар өздері жеке және топпен жұмыс жасай білуге дағдыланды.