Бүгін кіші Құлыншақ тобында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты: Жабайы аңдар тіршілігі туралы түсінік беру.
Білімділігі: Жабайы аңдарды бір-біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту,олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Тәрбиелік: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу
- Балалар жас ерекшеліктеріне қарай жабайы аңдарды ажырата алады және олардың қайда мекендейтіні туралы біледі. Жабайы аңдардың немен қоректенетіні де ажырата алады. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарға сай барлық бөлімдері қамтылған.
https://zhez-aigolek.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/153-zhabajy-zhanuarlar.html#sigFreeId248da0c59e






