Қазақ халқы мәдениетінің аса маңызды элементтерінің бірі көптеген адамдардың өмірі мен тарихи тәжірбиелерімен тиянақталған тарихи мұра іспеттес ұлттық ойындар болып табылады.

Қазақтың ұлттық ойындары ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі. Бала тәрбиесінде ұлттық ойындардың алатын орны ерекше. Ол жас ұрпақты имандылыққа, тапқырлыққа, адамгершілік қағидаларына баулуда баға жетпес құрал. Себебі бала айналасындағы жағдайлардың бәрін ойын арқылы қабылдайды. Сол арқылы тәрбиеленіп, өнеге үйренеді. Дәстүрлі таным түсініктен туындайтын қазақтың ұлттық ойындары баланы іс-әрекетке, адамгершілік әдептерді игеруге, ақыл-ойын жетілдіруге, отан сүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде тендесі жоқ құрал. Осы апта бойы осы мақсаттарды ұстана отырып, «Қазақтың ұлттық ойындары» апталығы өтті. бүгін сол апталықтың қорытынды бөлімі, әрине бұл ұлттық құндылықтарды дәріптеу әлі де жалғасады.

 

.