16.01.2020 жылы «Қазақтың ұлттық ойындары» апталығына байланысты жоспар бойынша «Ханталапай» ойыны болды.
Асық ойындары – қазақ халқының ойындарының бірі болып жалғасып отырған. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі мергендікке, түнгісі ептілікке баулиды. Оның ішінде «Ханталапай» ойыны спорттық ойындардың біріне жатады. Балалар бұл ойынды дене шынықтыру нұсқаушысының басшылығымен ойнады. Ойынға қатысушы 4 бала болды, бірақ негізі балалар санына ойын шарты бойынша шектеу қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына отырды. Ойын тегіс жерде ойналады сегіз қырлы болып сызылған сызықтың ішінде, не болмаса сегіз қыры бар тақтайдың ішінде ойналады. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастады. Сонымен қатар балалар бүк асықпен бүк асықты, шік асықпен шік асықты бір – біріне атып, ұпай сандарын жинайды. Атылған асықтарды өздеріне алып отырады. Асықтарды бір-біріне тигізе алмаған жағдайда ойын келесі балаға жалғасты. Ойын соңында көп асық алған бала жеңімпаз атанды. Жүргізуші балаларды «Асықтарың алшысынан түссін»деп төс белгімен марапаттады.
https://zhez-aigolek.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/146-khantalapaj-ojyny.html#sigFreeIde27c0f9812






