Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев : «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Тәрбиеленушілерге қазақ ұлттық ойындары өткізілді.Ұйымдастыру бөлімі кішкентай қапшыққа салынған асықты алып түсін айта отырып, сол асықты қандай ойын жасырылғанын тауып балалар ойын түрлерімен танысты.Балаларға әр жаңа ойын қызықты өтті.

1.Ормал тастамақ ойынында балалар өз өнерлерін көрсете алды.Ән айтып, би билеп, тақпақтарын айтып берді.

2.Ойын соқыр теке ойыны.Балалардың тапқырлығы , жылдамдығын, шапшаңдығын, ойлау қабілеттерін дамытты.

3.Ойын теңге ілу.

Ұлттық ойын арқылы салт –дәстүрлерді сақтай білуге тәрбиелей отырып, балаларды осы ойында ептілікке, шапшаңдыққа  үйренді.

4.Асық ойыны.

Асық ойнау арқылы балалар дәлдікке, мергендікке, ептілікке, жеңіп алу, ұмтылу деген сезімді сезінді.Балаларға асықтар беріліп, топтастырып ойын жалғастырылды,Үстел-үсті ойынында асықтарды түс-түстерге бөліп таяқшаға топтастырып жинайды. Ойынды ойнай отырып бала өзіне ептілікке, ширақтық таныта отырып, ойлау қабілетін дамытты.

 

 

.