Бөбекжайымызда 13 қаңтар күні «Қазақтың ұлттық ойындар» тақырыбында ұлттық ойындар апталығының ашылу салтанатына орай педагогтар жиыны өткізіліп, апталық жоспары таныстырылды.
Апталықтың мақсаты : Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Міндеттері:
- Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.
Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.
3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.
Апталықтың ашылу салтанатын бөбекжай директоры К.Б.Тулегенқызы ашып бастаса, әдіскер апталақтың жоспарымен таныстырды. Ата-аналар бұрышына апталық туралы ақпараттарды тәрбиешіміз Б.Қ.Какенқызы таратып, кеңестер берілді. Ал соңында би жетекшісі Е.А.Мұнайпасқызы «Ұлттық ойындардың түрлері» туралы мағлұмат беріп кетті. Апталықтың ашылу салтанаты өте жүйелі және мәнді өтті.






