Бірақ біздің балалар сияқты жаңа жылдық ғажайыптар, сиқырлы өзгерістер мен оқиғалар ешкім шын жүректен күтпейді. Барлық отбасы жиналады, барлығы бір-біріне сыйлықтар береді. Жаңа жылда адамдар мейірімді және бақытты болады. Сиқырлы түнде жарқыраған шыршаның жанында барлығы көңілді және тілейді.

          Сондықтан да біздің  №7 "Айгөлек" бөбекжайымызда  Жаңа жылдық ертеңгіліктерді өткізуге ерекше көңіл бөлінеді.

          2019 жылдың 26-желтоқсанында  мектепалды даярлық «А»,  мектепалды  даярлық «Ә» топтарының «Бағдаттағы жаңа жыл» атты ертеңгілік музыкалық жетекші Г. А. Удербаева мен хореограф А. М. Ербосынованың жетекшілігімен өтті.

Дайындық мереке басталғанға дейін басталды. Тәрбиешілер балалармен тақпақтар жаттап, жаңа жыл, жаңа жылдық  дәстүрлер тақырыбында әңгіме өткізді.

           Музыкалық жетекші тәрбиеленушілерді жаңа жылдық ән - билерін үйретті. Топтар мен музыкалық залдарды безендіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Музыкалық залда — Қысқы пейзаж: ақ құмыралар, шыршалар, үйлер. Залдың ортасында-сәнді шырша жарқырады.

           Балаларға қойылым әдемі де әсерлә көңіл-күй сыйлады. Олардың үміті ақталды. Жаңа жылдық қойылымға қатысқан тәрбиешілер, ата-аналар, балалар, тәрбиеші-көмекшілері өздерінің шығармашылық шеберліктерін, әртістік қабілетін, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерін жақсы әртіс ретінде көрсетті. Олар әр түрлі кейіпкерлер болып  таңқалдырды:  Балаларға жаңа жыл мерекесіне көңілді Шахерезада мен мұңлы Сұлтан, Аладдин мен сиқырлы Жын, сұлу Ақшақар мен  Аяз Ата келді.

            Қойылым басталғаннан бастап ертегі кейіпкерлері балаларды ертегілердің ғажайып әлеміне еліктіріп алғандай болды. Балалар қызықты сайыстарға қатысты. Аяз Атаның пайд келуімен  шыршаның айналасында ән мен би,  нағыз мереке басталды. Қойылымнан кейін балалар Аяз Ата мен Ақшақарға өлеңдер оқыды, Сұлтан мен Шахерезада және Аладдин мен Жын кейіпкерлермен суретке түсті, жаңа жылдық сыйлықтар алды.

        "Шыршаға бардық»",  "Елочка, заблести огнями",  "Жаңа, жаңа, жаңа жыл», «We Wish You A Merry Christmas» әндері орындалды. Сонымен қатар  "Сұлтандар» ,  "Шығыс жыланы", "Снежинки" билері орындалды.  Музыкалық ойындар өткізілді.

       Жаңа жылдық қойылымдар кезінде мереке, сиқыр атмосферасы орнады, тәрбиеленушілер мен  ата-аналарының жағымды эмоционалдық көңіл-күйі сезілді.