2019 жылдың 11 желтоқсанында №7 «Айгөлек» бөбекжайында жылдық жоспарға сәйкес «Жас ата-аналар» клубы және «Сырттай балабақша» жобасының ата-аналары мен кішкентай бүлдіршіндеріне арналып «Бала өміріндегі ойынның маңызы» тақырыбында ата-аналарға кеңес беру кеші ұйымдастырылды.
Кеш барысын бөбекжайдың инновация әдіскері А.Д Аширбекова «Бала өміріндегі ойынның маңызы» атты кеңес және шағын бейнероликпен ашты.
Бөбекжай тәрбиешісі А.Т Иргебаева «Үй жағдайында ойын арқылы балалардың қол машықтарын және тілін дамыту» тақырыбында ата-аналармен үй жағдайында ойын ойнату әдіс-тәсілдерімен таныстырып, тәжірибесімен бөлісті.
Кеш соңында психолог С.Ж. Баракпаева «Балаларға қандай ойыншықтар қажет...» атты тренинг өткізді. Тренингтен ата-аналар ойыншықтардың қандай түрлерімен ойнау қажеттілігі және олардың пайдасы мен зияны жайлы мағлұмат алса, балалардың ойыншықтарға деген қызығушылығы артып, ойындар ойнап көңілдері көтеріліп қалды.
Соңында ата-аналар позитивті көңіл күйде кештен алған әсерлерімен бөлісіп, бөбекжай ұжымына және ұйымдастырушы педагогтарға алғыстарын білдірді.
https://zhez-aigolek.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/138-bala-mirindegi-ojynny-ma-yzy.html#sigFreeIdd060f2e630






