Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай № 7 «Айгөлек» бөбекжайында өткен мерекелік іс-шаралар есебі

2019 жылдың желтоқсан айының 29-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай бөбекжайдың  кіші топтарында бүлдіршіндермен «Ел тірегі - Елбасы», «Президент ел - тірегі», «Елін сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тақырыптарда  әңгіме сағаттары өткізілді.

Әңгімелесудің негізгі мақсаттары: Балаларға Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру. Мемлекеттік рәміздермен таныстыру, сөздік қорларын молайту. Балаларды өз Отанын, туған жерін, халқын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, адалдыққа, батылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Елбасының туып – өскен жері, өмірі, қызмет еткен кезеңі туралы  мағлұмат беру.Тұңғыш президенттің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриотыққа тәрбиелеу болды. Бұл әңгіме сағаттарында Республикамыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен, Қазақстанның көркеюіне қосқан үлестері, еңбек жолы жайында бүлдіршіндерге қысқа мағлұмат берілді. Балалар Отанға, туған жерге, тұңғыш Президентке арнап өлең жолдарын оқып, әндерін айтса, ал ересек топ балаларының назарына  ән-күй залында деректі фильмдер көрсетілді.