27-қараша күні №7 «Айгөлек» бөбекжайымызда «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арналған  «Нұрлы елде, Нұратамен мақтанамыз!» атты тақырыпта  мектепалды даярлық «Құлпынай» тобында мерекелік-іс шара өтті.

Мерекелік-іс шараның мақсаты: 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күнінің маңызын түсіндіру.

Ертеңгілік ҚР Әнұранымен ашылды.  Іс-шара барысында  балаларға «Балапан» телеарнасындағы «Қалқанқұлақ» сериалынан Олжас пен Бақберген кейіпкерлері балаларға қонаққа келді. .  Олжас пен Бақберген балаларға «Бәйтерек» ойынын ойнатып, еліміз туралы сұрақ-жауап марафонын өткізді. Ертеңгілікте патриоттық  тақпақтар айтылып, «Туған елім», «Қазақстан» әндер орындалды  және «Боз жорға», «Ұшқоңыр»  билерімен ертеңгілікті қорытындылады.

 

.