2019-2020 оқу жылының 22 қарашасында № 7 «Айгөлек» бөбекжайында жылдық жоспарға сәйкес «Тәрбие тірегі - халық мұрасы» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың барысында ата-аналар назарына бөбекжай тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Халық дәстүрі – асыл қазына»атты көрме ұсынылды . Жиналысты бөбекжай директоры Б.Т. Кульбаева ашып,
ата-аналарды күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібіне сәйкес бірінші болып бөбекжай әдіскері М.Е Досанова
2018-2019 оқу жылының қортынды есебінберсе,
«Қазіргі уақыттағы дәрумендердің бала организміне пайдалы жақтары» тақырыбында медбибі Л.М Жулина ата-аналарға кеңес берді.
Логопед А.Д Аширбекова «Үй жағдайында логопедтік жаттығуларды қалай ұйымдастыру» жайлы айта отырып, ата-аналармен тәжірибесімен бөліссе, тәрбиеші Д.К Кудиярова ата-аналарға «Көркем әдебиет білгіштері» тақырыбында тренинг өткізді. Жиналыс соңында «Сіз таңдаған фигура өміріңіз туралы сыр шертеді» атты рефлексиямен қорытындыланды.
https://zhez-aigolek.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/135-t-rbie-tiregi-khaly-m-rasy-atty-zhalpy-ata-analar-zhinalysy-tti.html#sigFreeIdc72a6e56cc






