Жылдық жоспар бойынша дене шынықтырудан «Қорбандаған аюға қонаққа барамыз» атты спорттық іс-шара ортаңғы  «Қарлығаш» тобымен өткізілді.

Спорттық іс-шараның мақсаты:балаларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, төзімділікке ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу.Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы балаларды дәлдікке, ептілікке баули отырып, физиологиялық дамуына қолайлы әсер ету. Жүгіру, секіру, еңбектеп жылжу сияқты негізгі қимылдарды жетілдіру. Ертегі желісі арқылы балаларды бауырмалдыққа, достық көмекке тәрбиелей отырып, қуанышты көңіл күй, сергектік сыйлау болып табылады. Іс-шара барысында аю мен қоян қонаққа келіп, балаларға ұмытылмас көңіл-күй сыйлап, соңында медаль табысталды.

  

  

 

.