24-31.10.2019 жылда өткен «Алтын күз» атты ертеңгіліктің қорытындысы:

Мақсаты: Балаларға қоршаған орта, табиғат, көкөніс және жеміс – жидектер түлерімен таныстыру. Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру; балаларға мерекелік көңіл күй арнау.

 

Әдемі безендірілген залға музыкамен кірді. Күз мерекесі болғандықтан қолдарына жапырақ ұстап кірді. Жапырақтармен би қимылдарын жасады. Балалар күз мерекесіне арналған тақпақтарын айтты. «Мерекелі, берекелі алтын күз» әнін орындады. Балалар әндерін айтып отыра бергенде, музыкамен бұлт кіріп келді. Балалар ерекше көңіл күймен қарсы алды. Балалар бұлтқа арналған тақпақтарын айтты. Бұлт балаларды ойынға шақырды. «Қолшатыр» ойыны қызықты өтті. Тәрбиеші мерекеге тағы бір қонақтың жетіспей тұрғанын айтып балаларға күнді шақыруды сұрады. Күн ортаға музыкамен билеп шықты. Балалар күнге арнап «Листик желтый» әнін орындады. Бұлт пен күн келіспей қалып, татуластыруға Алтын күзді шақырды. Балалар қонаққа арналған тақпақтарын айтып, билерін арнап «Күнбағыс», «Тамшылар», ойын ойнады «Тамшылар,жапырақтар», «Кап-кап» әнімен аяқтады. Алтын Күз балаларды мақтап, әкелген сыйлығын табыстады. Балалар ерекше көңіл күйде болды.