Жезқазған қаласының №7 «Айгөлек» бөбекжайы КМҚК «Жас оқырман» жобасы аясында қалалық семинар-практикум.


Тақырыбы: «Балалыққа кітаппен барар жол»

 

Мақсаты: тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары және педагогтардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту арқылы оқу мәдениеті мен әлеуметтік құзыреттіліктерін жоғарлату.


Міндеттері
:


- педагогтар, психологтар ата-аналар көмегімен тәрбиеленушілердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру;


- отбасындағы қарым-қатынасты отбасылық бірге оқу арқылы көтеру, қалыптастыру;


- кітап оқитын отбасылырының тәжірбиесін басқа отбасыларымен бөлісу, тарату;


- тәрбиеленушілердің келешекте оқу сауаттылығын ілгерілетуге ата-ана, педагог қауымдастығының ықпалын қолдану.

 

Күтілетін нәтиже:


- педагогтардың оқырман ретінде қызығушылықтары оқу мәдениеті мен оқу сауаттылығы жоғарлайды;


- ата-аналардың оқырман ретінде кітап оқуға қызығушылығы жоғарлайды;


- кітап оқу мәдениеті отабасылық дәстүрге айналады;


- ата-аналар, педагогтар арасында кітап құмарлар көбееді.

 

Ұйымдастырушылар: №7 «Айгөлек» бөбекжайы КМҚК ұжымы


Өткізілетін орны:
№7 «Айгөлек» бөбекжайы КМҚК


Өткізілу күні:
25.01.2018 ж.


Өткізу уақыты:
09.30. - 13.00.

 

Өту барысы:


Семинарға қатысушыларды тіркеу
Т.В.Овчиникова

                                                             Н.Х.Баймединова   (стол ақ жапқышпен, ручка, тіркеу парағы, эмблемалар 2 түрлі, 2 кішкентай қорапша)


Қонақтарды күтіп аады:
  Бажыр Қ.К

                                          Айгельдиева О.А


«Ақпараттық пакет» (бейне түсірілім) А.Д,Аширбекова (презентация, ноутбук, аждиямай)


Семинардың ашылуы.  Флэш-моб: А.М.Ербосынова


Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме әріптестер, қонақтар.  «Жас оқырман» жобасы аясында өткелі отырған семинарымызға қош келдіңіздер. Оқу, білімді алу үшін балаға не керек? (Кітап) Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз. 
«Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Ендеше осы интернет, ғалам-торлары дамыған заманда баланы кітапқа қалай баулуға болады. Балаларды кішкентай кезінен кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жасалған осы «Жас оқырман» жобасы аясында жұмыс істеп жатқанымызға міне үшінші жыл болмақ. Үш жылдағы еңбегіміздің жемісін бүгінгі семинарымыздан көресіздер деген ойдамыз .Ендігі сөз кезегін бөбекжайымыздың директоры Бибигуль Тулегеноваға береміз.


Балалардың өнер көрсетуі. А.Т.Әділханова

                                                   Г.А.Удербаева

                                                                                 

( костюмдар, безендіру)

Жүргізуші:

«Балалыққа кітаппен барар жол»

SWOT – талдау

( презентация)

Квест ойын:


Жүргізуші:
Бүгінгі біздің семинарымыз квест-ойын түрінде болмақ, онда экранға назар аударыңыздар.

(Видео қойылым)


Құпияға толы Отырар Сырдарияның сары даласы Қызылқұмның солтүстік-шығыс алқабын бойлаған. Тізбектелген қорғандар бірнеше мыңдаған гектар жер көлемінде созылып, ұзақ шақырымдарды алып жатыр. Ықылым мәдениеттің шырақшысы іспетті бұл қорғандар сырын ішіне тығып, бүк түсіп жатқандай. Кезінде өркениеттің ордасы, ғылым мен білімнің бел ортасы, мәдениет пен өнердің сарайы, сауда мен кәсіпкерліктің өзегі болған Отырар бүгін қорған мен төбе болып, өлі қалаға айналған. Тіршілігі бірнеше ғасыр бұрын өшкен шаһарды бейне бір беймәлім күш қорғап тұрғандай. Бүгінгі әңгіме орта ғасыр дәуіріндегі көркейген Отырар кентінде орналасқан, аты аңызға айналған әлемдегі ірі кітап қорларының бірі Отырар кітапханасы турасында болмақ.


Сонымен, Отырар кітапха­на­сы өз заманында әлемдегі ең үл­кен кітапхана болған болса, оны әлемге мойындатудың жолдары қандай болмақ? – Ендігі мақсат сол кітапхананы іздеу жұмыстарын бастау керек. Жер астында шамамен бес жүз мыңдай кітап жатуы мүмкін. Кітаппен қатар алтын сияқты бағалы заттар да кө­мілуі ғажап емес.Ендеше бүгін біз сол Отырар кітапханасына аттанамыз, онда теңдесі жоқ қазына жатыр дейді. Сол қазынаны табу үшін қазір екі топқа бөлінеміз. Екі топ өз атауларын және топ басшыларын сайлайды. Екі топтың қайсысы Отырар кітапханасындағы қазынасын табуға күш қуаты, жігері, батылы жетеді екен. Сайысып көреміз бе? Қазынаны табу өте қиын, кедергілері көп. Ал жол көрсетіп, дұрыс жолын сілтейтін сіздерге көмекші ретінде Гидті береміз. Олардың қолдарында карта бар. Қойылған тапсырмаларды дұрыс орындаған топқа қазынаға жетудің бағыт-бағдарын беріп отырамыз. Уақыты құм сағатпен беріледі. Әрбір аялдаманың алдында күзетшілер болады. Екі топқа бөлінген кезде кеуделеріңіздегі төс белгілеріңіздің түсіне қарай бөлініңіздер.

 

І кезең

Топтар аттарын таныстырса?

Топ басшысы?


Жүргізуші:
Отырардағы кітапхананың даңқы жер жарған екен. Ғалымдардың пайымынша кітапхана қорында бабылдықтардың қыштан күйдірілген тас кітаптарынан бастап, түркі, парсы, қытай, грек, еуропалық тілдеріндегі кітаптар болуы әбден мүмкін. Ал ғұндардың өздері өз тілінде жазбалар қалдырған дейді. Ал ендеше бірінші аялдаманың тапсырмасы қандай болмақ?


Бірінші аялдама. (1топ)

 «Тез есте сақтау үшін, көп кітап оқу керек!»

(ертегінің атауларын әріптерден құрап шығу)

Күзетші жұмбақ жасырады.

Бірінші аялдама. (2 топ)

«Құпиялы ыдыс»

(құмырадағы кілтті табу)

Топтардың бағыт-бағдарын гид әкеліп тақтаға іледі.


ІІ кезең

«Кітап оқуға құмарлық» (психолог)

Аудиториямен жұмыс.


Жүргізуші:
Ақиқатында да мұсылман қа­уымы кітапқа, тасқа басылған жа­зуға үлкен байлық ретінде қарап, қастерлегеніне тарихтан мыңдап мысал келтіруге болады! – Логика деген ғылым бар, соған жүгінсек, осы тұста өркениетке қа­тыс­ты үлкен ғылыми жаңалықтың кө­зі ашылайын деп тұр. Олай болса сіздердің логикалық ойлау қабілеттерің қаншалықты жылдам бақылап көрелік. Екінші аялдамаға аттанайық командалар.

 

Екінші аялдама. (1 топ )

 «Құпиялы ыдыс»

(құмырадағы кілтті табу)


Екінші аялдама. (2 топ)

«Тез есте сақтау үшін, көп кітап оқу керек!»

(ертегінің атауларын әріптерден құрап шығу)

Топтардың  бағыт-бағдарын гид әкеліп тақтаға іледі.


ІІІ кезең

LepBook – білім жүйесін жүйелеудің ең жаңа тәсілі.

(шығармашылық презентация) (аудиториямен жұмыс)


Жүргізуші:
Осыдан шамасы 30 жыл бұрын, не одан ертеректе, қой бағып жүрген бір шопанның иті үңгірден, сырты терімен қапталған араб тілінде жазыл­ған көне кітап алып шыққан. Ұмыт­пасам, шо­­пан­ның аты Нұрмағанбет. Кітап Оты­рар қалашығының қасы­нан табыл­ған, яғни сол кітапхананың кітабы бо­луы әбден мүмкін. Біздің топтар Отырар кітапханасына бірнеше жақындап қалған секілді. Үшінші аялдамаға атанайық!


Үшінші аялдама. (1 топ)

 «Кітап оқысаң – миыңды дамытасың!»

(пазлыдан ертегі құрау)


Үшінші аялдама. (2 топ)

«Желдің өзі кітапты парақтайды!»

(кейіпкерлерді сипап-сезу арқылы табу)

Топтардың бағыт-бағдарын гид әкеліп тақтаға іледі.


ІV кезең

«Ертегі оның түрлерін таныстыру. Жас ерекшеліктеріне қарай бөлінуі»

Театрландырылған қойылым ересек топтар «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

(балалармен қойылым)

Аудиториямен жұмыс (театрландырылған қойылым)


Жүргізуші:
Ертедегі қазақтар кітап жазған, көп жазғаны соншалық, жазуға арналған жаңа ма­териалды ойлап табуға тура келген. Бұрын негізінен теріге жазатын. Ондай кітаптар ауырлау келеді. Ендеше сіздер кітаптың басқа түрінде іздестіріп көріңіздер.


Төртінші аялдама

«Желдің өзі кітапты парақтайды» 1команда

(кейіпкерді сипап сезу арқылы табу)


Төртінші аялдама

«Кітап оқысаң – миыңды дамытасың» 2 команда

(пазлыдан ертегі құрау)

Топтардың бағыт-бағдарын гид әкеліп тақтаға іледі.


V
кезең

«Абайдың арманы – адамзаттың арманы»


Әдеби әуенді қойылым.


Жер жүзіндегі атағы аңыз болған кітапханалар өртелген, қиратылған. Ал Отырар кітапханасының кітаптарының бағына орай көне дәуірлік кітапханалар қорымен салыстырғанда табылуы бек мүмкін. Ірі кітапханалардың өртелгені жайында айтқан да жазған да деректер баршылық тарихта. Алайда, Отырар қаласындағы кітапхана өртеліп кетті деген дерек еш жерден кездеспегені бізге зор сенім ұялатыны сөзсіз. Олай болса соның жауабын әлемге әйгілі ойшылфилософсоциологматематикфизикастроном, зерттеуші Әль-Фарабиден сұрасақ қалай болар?!


Бесінші аялдама

Топ басшылар сайысы

«Әль-Фарабидің жұмбақтары»

«Отырар кітапханасының қазынасы»


Топтардың бағыт-бағдарларды ашып топтан 3 адам ақылдасады. Топ басшылары шашылған қораптардың ішінен қазынаны табады. Отырар қазынасы не болды екен?


Жүргізуші:
«Философтар «жер бетінде алдымен сөз пайда болған» дейді. Шығыстың дана бір патшасы әлемнің ғұлама ғалымдарын жинап алып, сол сөзді табуды тапсырады. Аңызда оны іздеудің ұзақ жылдарға созылғаны айтылады. Әрине, кітаптардың көмегімен іздестірілетіні белгілі. Көз май¬лары таусылғанша іздеген ғалымдар ақыры ол сөзді тапқан деседі. Табылған сөз әлемнің барлық жұмбақтарына жауап береді екен. Патша да, оны тапқандар да мәз болады. Бірақ уақыт ол адамдардың бәрін аямайды, патшаның аты ұмытылады, оның қаласы қиратылады, сонымен бірге сөз де жоғалып кетеді. Ғалымдар оны қайта іздестіруге кіріседі. Маған кейде «әлемді жаулаушы Шыңғыс хан сол сөзді іздеп аласұрды ма екен?» деген ой келеді. Отырарлықтар соған ерегіскеннен де кітаптарды тығып тастаған шығар, бәлкім. Әлде, Шыңғыс хан тапты ма екен? Белгісіз. Біз де сол қасиетті сөзді, кітаптарды іздестірумен келеміз». Иә, кітап-қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Осы ата-бабаларымыздан келе жатқан кітап, білім ұғымдарын біздің келешек ұрпағымызға дәріптеп, оларды оқып, білуге тәрбиелеу ең алдымен біздердің міндетіміз болмақ. Ендеше осы семинарымыздан көптеген ақпарат алып, рухани жандандыңыздар деген үміттеміз. Бала тәрбиесі біздің жүрегімізге таңбаланған, ал әрбір балада кітапқа деген құмарлығын оятсақ онда ол баланың келешегі жарқын болмақ.

Ревлексия  (Кітап түрінде жасаймыз, бір пачка көбелек)

Сөз кезегін келген қонаққа береміз.

 

КМҚК №7 «Айгөлек» бөбекжайы

 

Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

 

 

                            Орындаған:

Педагог-психолог: Ә.М.Кенжебаева

 

Жезқазған

 

.