“Таза қаланың тынысы кең”
30.09.2023 Ұйымдастырылған Жалпы қалалық сенбілікке “Айгөлек” бөбекжайы ұжымы белсене қатысты. Балабақша айналасындағы барлық аумақ тұрмыстық қоқыстардан, құрғақ шөптерден, бұтақтардан тазартылып, үлкен жұмыс атқарылды. Күн өте ашық, шуақты болды және де, керемет көңіл-күйге ықпал етті. Қажетті құрал-жабдықтармен қаруланған балабақша қызметкерлері аумақты ретке келтірді. #ЖезқазғанҚаласыныңБілімБөлімі