"Омикрон" КВИ жаңа штаммы несімен қауіпті? медбибі Абдулмажитова Альбина.

-"Омикрон" вирусының таралуы "дельта" штамға қарағанда 5 есе жоғары. ДДСҰ мәліметі бойынша, инфекцияның саны әр 2-3 күн сайын екі есе артып отырады. Оның мұндай жылдамдықпен таралуы әсерінен әлемдегі жағдай бір аптадан кейін 8 есе, ал екі аптадан кейін 40 есеге нашарлауы мүмкін.

Әлемде КВИ-дің 275 миллионнан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 500 мыңнан астам науқас анықталады, 5,3 миллионнан астам адам қайтыс болды. "Омикрон" әлемнің 126 еліне таралды.
🇰🇿Коронавирустың жаңа штаммы Қазақстанға қалай әсер етті?

-Жыл басынан бері COVID-19 инфекциясы расталған 16 000-нан астам жағдай тіркелді. Соңғы 7 күнде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі барлық өңірлерде байқалады, бұл "Омикрон" жаңа штамымен байланысты.
"Омикрон" штамынан қалай қорғануға болады?

- Коронавирустық инфекцияның басқа түрлерімен салыстырғанда, Омикрон 20-30 жас аралығындағы адамдарға қауіп төндіреді, сонымен қатар КВИ-ді қайта жұқтыру қаупі де байқалды.

Ауру белгілері: шаршау, бас ауруы, дене температурасының жоғарылауы.
Бүкіл әлем мамандары, КВИ-ді жеңудің жалғыз жолы вакцинация екенін айтады. Жаңа штамдардың пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін ұжымдық иммунитеттің қажетті деңгейіне жету маңызды.

COVID-19-дың алғашқы белгілері пайда болған кезде үйде болып, медициналық көмекке жүгініңіз.

Жақындарыңызға қауіп төндірмеңіз, қарым-қатынас үшін заманауи байланыс құралдарын қолданыңыз.