Жезқазған қаласының №7 «Айгөлек» бөбекжайы КМҚК «Жас оқырман» жобасы аясында облыстық семинар-практикум.
Тақырыбы: «Балалыққа кітаппен барар жол»
Мақсаты: қазақ халықының эпос мәдениеті бойынша балалар, ата-аналар мен педагогтардың оқырман құзыреттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
-педагогтар, психологтар ата-аналар көмегімен тәрбиеленушілердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру;
- отбасындағы қарым-қатынасты отбасылық бірге оқу арқылы көтеру, қалыптастыру;
- кітап оқитын отбасылырының тәжірбиесін басқа отбасыларымен бөлісу, тарату;
-тәрбиеленушілердің келешекте оқу сауаттылығын ілгерілетуге ата-ана, педагог қауымдастығының ықпалын қолдану.
Күтілетін нәтиже:
-педагогтардың оқырман ретінде қызығушылықтары оқу мәдениеті мен оқу сауаттылығы жоғарлайды;
-ата-аналардың оқырман ретінде кітап оқуға қызығушылығы жоғарлайды;
-кітап оқу мәдениеті отабасылық дәстүрге айналады;
-ата-аналар, педагогтар арасында кітап құмарлар көбееді.
Ұйымдастырушылар: №7 «Айгөлек» бөбекжайы КМҚК ұжымы
Өткізілетін орны: №7 «Айгөлек» бөбекжайы КМҚК
Өткізілу күні: 12.04.2019 ж.
Өткізу уақыты: 10.00. - 17.00.
Өту барысы:
Семинарға қатысушыларды тіркеу: Т.В.Овчиникова
Н.Х.Баймединова (стол ақ жапқышпен, ручка, тіркеу парағы, эмблемалар 2 түрлі, 2 кішкентай қорапша)
Қонақтарды күтіп аады: Бажыр Қ.К
Айгельдиева О.А
«Ақпараттық пакет» (бейне түсірілім) А.Д, Аширбекова (презентация)
Семинардың ашылуы. Флэш-моб: А.М.Ербосынова
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме әріптестер, қонақтар. «Жас оқырман» жобасы аясында өткелі отырған семинарымызға қош келдіңіздер. Оқу, білімді алу үшін балаға не керек? (Кітап) Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.
«Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Ендеше осы интернет, ғалам-торлары дамыған заманда баланы кітапқа қалай баулуға болады. Балаларды кішкентай кезінен кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жасалған осы «Жас оқырман» жобасы аясында жұмыс істеп жатқанымызға міне үшінші жыл болмақ. Үш жылдағы еңбегіміздің жемісін бүгінгі семинарымыздан көресіздер деген ойдамыз .Олай болса экранға назар аударыңыздар.
Видео қойылым: Отырар
Көрініс: Ата мен бала:
Бала: Ата, ата бұл кітапта не жазылғанын менде білгім келеді.
Ата: Бұл кітапта барлық Отырардағы деректер жазылған деседі.
Жүре ғой балам, менг саған оқып берейін.
Жүргізіуші: Құпияға толы Отырар Сырдарияның сары даласы Қызылқұмның солтүстік-шығыс алқабын бойлаған. Тізбектелген қорғандар бірнеше мыңдаған гектар жер көлемінде созылып, ұзақ шақырымдарды алып жатыр. Ықылым мәдениеттің шырақшысы іспетті бұл қорғандар сырын ішіне тығып, бүк түсіп жатқандай. Кезінде өркениеттің ордасы, ғылым мен білімнің бел ортасы, мәдениет пен өнердің сарайы, сауда мен кәсіпкерліктің өзегі болған Отырар бүгін қорған мен төбе болып, өлі қалаға айналған. Тіршілігі бірнеше ғасыр бұрын өшкен шаһарды бейне бір беймәлім күш қорғап тұрғандай. Бүгінгі әңгіме орта ғасыр дәуіріндегі көркейген Отырар кентінде орналасқан, аты аңызға айналған әлемдегі ірі кітап қорларының бірі Отырар кітапханасы турасында болмақ.
Сонымен, Отырар кітапханасың бізге мұра ретінде тастап кеткен кітабында не жасырылып, қандай ақпараттар бар екен? Соны көріп, оқу бізге де қызықты болып отыр. Ендеше осы баламен бірге кітаптың беттерін парақтап бізде неге оқымысқа. Ашып оқып көрелік?!
І бет: «Ертегі сыр шертеді!»
«Күн астындағы, Күнекей қыз» музыкалық-хореографиялық қойылым. (А.М.Ербосынова би жетекшісі)
Жүргізуші: Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдебиқазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді.
«Жыл басына таласқан» театрландырылған қойылым Г.Т.Айтбаева
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру, берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау және есте сақтау ойлау зейін қабілеттерін дамыту сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету. Ойын арқылы шапшаңдыққа ептілікке баулу. Ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке адал достыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Бұрынғы ерте заманда хайуандар жыл басына таласыпты. Бұл оқиға былай болған екен... Ормандағы ашық алаңға жайланып жайғасқан хайуанаттардың әр қайсысы жыл басы болуды қалап: «Неге мен емес? Мен кімнен кеммін?» деген өзара талас басталады. Маңғаздана асықпай басып, ортаға алдымен Сиыр шығады. Сиыр: «Мө» деп мөңіредім Молшылық төңірегім Жыл басы боламын деп Ертерек келіп едім Көгалда тұрағым Дайын тұр құрағым Етіммен, сүтіммен Адамға ұнадым.
Бір кезде ортаға жылқы шауып келіп, өзін мақтай бастайды. Жылқы: Алысқа шауып барамын. Адамның бабын табамын, Пайдасы мол жылқының. Жыл басы мен боламын, Әсем десең әсеммін, Кең далада көсіліп, Самал желдей есемін. Жүргізуші: Түйе ішінен «Мен бәрінен ақылды да сұлумын, бойым да биік, жыл басын тек мен бастауым керек» деп жан жағына менсінбей, кербездене қарайды. Түйе: Түйе, түйе түйемін, Жануармын киелі Кім таласар бойыма Жыл басына иемін. Жан – жағыма қараймын Күн мен түнді санаймын. Мен өзімді даланың Кербезіне балаймын. Қараңдаршы қандаймын, аппақ болған таңдаймын. Жыл басына ылайық, жарқырап тұр маңдайым. Тауық: «Қо,қо, қо, қоқ» жыл әлі неге жоқ. Жұмыртқамды жеген соң, барлық бала тоқ. Құрт – құмырсқа жемтігім, жоқ ешбір кемтігім. Бәрінде бос мақтанып, шаршамаңдар ентігіп. Ит: Абалап үремін, үйді қарап жүремін , Адамның көмекші, досының бірімін. Ит болған соң үремін, Сергек өмір сүремін. Жеті қазынаның бірімін, Адамды қорғап жүремін Жануарлардың екінші хоры. Тышқан қулық ойлайды, шиқ-шиқ етіп қоймайды, Шығып алып түйенің өркешімен ойнайды. Доңыз: Қорс, қорс етемін, Қорсылдақпын онсы рас, Жылдың басы мен болмасам, Сонда өзі кім болмақ? Мен адамды мазалап, сұрамаймын тұнық су, Тамақты да талғамай жей беремін хрю-хрю. Жүргізуші: Түйе мойнын созады, мен болам деп жар салып. Тышқан одан озады, жылды алғаш қарсы алып. Тышқан деген батырың, таңды көзбен атырды. Төбесінен түйенің жылды көріп қатырды. Тышқан: Алақай, алақай, күнді көрдім алақай. Қулығыммен, ақылыммен бәрін жеңдім алақай.(2 рет) Жүргізуші: Барлығың да қараңдар, енді үйге тараңдар, Жылды көрген тышқанды жыл басы деп санаңдар. Сол кезден бері жылды Тышқаннан кейін Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық , Ит, Доңыз көрген екен. Ал түйе болса аузы ашылып таңырқап, ештеңені түсінбей қала береді. Сөйтіп жыл атауларынан құр алақан қалыпты. Жануарлардың соңғы хоры. Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, Мешін, тауық, ит, доңызды санап, жаттап біліп қой. Жан жануарлар достық пен сыйластықты, ақылдылықты, тапқырлықты мойындап әнге қосып, би билеп, жаңа жылды тойлаған екен.( Бәрі билеп,сахнадан кетеді
«Бауырсақ» ертегісі» Жаңа үлгідегі ертегі. О.А.Айгельдиева
«Кітаптар – достарымен әр үйде» лайвлиб. А.Т.Иргебаева
Кітаптар достарымен әр үйде көрмесінің мақсаты: Әр ата-ана баласының жақсы көретін кейіпкерін, сүйікті ертегісін негізге ала отырып, ертегі ойлап тауып, сол ертегі бойынша кітап жасау болатын.
1 ата-ана: Жукенова Айзада Берденовна
2 ата-ана: Айтбаева Айдана Қайратовна
Жүргізуші: Отырардағы кітапхананың даңқы жер жарған екен. Ғалымдардың пайымынша кітапхана қорында бабылдықтардың қыштан күйдірілген тас кітаптарынан бастап, түркі, парсы, қытай, грек, еуропалық тілдеріндегі кітаптар болуы әбден мүмкін. Ал ғұндардың өздері өз тілінде жазбалар қалдырған дейді. Ал ендеше екінші бетті ашып көрелік?
ІІ бет «Батырлар жыры балаларға не береді?»
«Жасырынған шығарма» кейс-стадий Қ.К.Бажыр
Сәлеметсіздерме,құрметті әріптестер!
Біздің бөбекжайымызға қош келдіңіздер!
Біздің бөбекжайымыз «Жас оқырман» жобасы бойынша үш жылдық нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Бұл жобада кітапқа қызықтыруға байланысты түрлі түрлі тақырыптар қолға алынып,жұмыс жасаудамыз.Солардың бірі –мектепке дейінгі ұйымдарда бұрынғының және қазіргі батырлар жырын насихаттау.
Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі .Әр ұлттың өзіндік баба немесе батырларын ұлықтайтын өз эпосы болады.Соның ішінде қазақта батырлар жыры ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тапқан асыл мұра.
Батырлар жырының насихаттаудағы негізгі мақсаты-өскелең ұрпақ батырлар жырын оқып,жаттап оны кеңінен түсіне меңгеруі аса маңызды.Батырлар жырын оқудағы айта кететін тағы бір қыры,баланың жаттау қабілетін арттырып,бала есте сақтағыш болып келеді.
Қазір сіздермен «Жасырылған шығарма» атты батырлар жырына қатысты ойын ойнаймыз.Экранға анимациялық мультфильмдер арқылы батырлар жырынан үзінділер беріледі.
Алпамыс батыр жыры- (байбөрі)
Қобыланды батыр жыры- (Тайбурыл)
Қамбар батыр- (Қараман)
Бөбекжайымыздың 2017-2018 ж түлектеріміз, «Жас оқырман » жобасынан бастау алған батырлар жырын түрлі жанрда насихаттап келеді.Мысалы ,Алпамыс батыр жырын қара сөзбен,дәстүрлі түрде және эстрадаға қосып ,сонымен қатар қазіргі батырымыз Тоқтарды жырға қосып ,өскелең ұрпаққа жеткізуге кішкене де болса үлестерін қосуда.Олай болса тамашалайық!
Перне-Айым, Шынболат,Жанерке,Айшабибі,Сағыныш
Видеороликтен үзінділер көрсетіледі.
«Жақсылық тамшысы» мәнерлеп оқу Қ.К.Бажыр
«Ойлан, жұптас, пікірлес!» Клиптограмма А.Д.Аширбекова
Кот в 3 ночи с лепешкой быстро закопал для денег.
Лисица с уткой вчера снимали обувь весело и
красиво для осьминогов.
Вы наверное подумали что за белиберда тут написана.
А на самом деле, это маленькие рассказы,
которые родилсиь у детей за 5минут
в простой веселой игре Кто,Что, когда.
Хочу поделиться с вами этой чудной игрой.
- Кто?
- С кем?
- Где?
- Когда?
- Что делали?
- Что им сказали?
Чем все закончилось?
Ойын: «Ертегі кейіпкерлерін сұлбасынан тап»
Ойын: «Ертегі кейіпкерлерін бас киім үлгісінен тап»
Жүргізуші: Осыдан шамасы 30 жыл бұрын, не одан ертеректе, қой бағып жүрген бір шопанның иті үңгірден, сырты терімен қапталған араб тілінде жазылған көне кітап алып шыққан. Ұмытпасам, шопанның аты Нұрмағанбет. Кітап Отырар қалашығының қасынан табылған, яғни сол кітапхананың кітабы болуы әбден мүмкін. Ал ендеше үшінші бетке назар аударайық.
ІІІ бет «Абайдың арманы – адамзаттың арманы!»
«Ұлылардың ұлысы - Абай» сторителлинг Г.Ж.Ахметжан
Абайдың арманы-адамзаттың арманы.
Мақсаты:Балалар арасында Абай шығармаларын насихаттау,балалардың шығармашылық қабілеттерін,тұлғалық сезім мәдениетін дамыту.
Міндеті:Балаларды Абай поэзиясына,ұлы ойшылдың сүйіспеншілік мұрасына тәрбиелеу.
Сахнаға Абайдың өмірі туралы бейнематериал көрсетіледі.
(Абайдың әуені ойналады) 6 бала ортаға шығады.
(Ақырын баяу әуен ойналып тұрады)
1- ші бала:Ғылым таппай мақтанба, Даниал Ст А
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол.
Адам болам десеңіз,
Тілеуің,өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
2-ші бала:Жаз. Ст Б Ислам
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай,шалғын,бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге.
Көшіп ауыл қонғанда.
3-ші бала:Күз. Ст Б Мейрлан
Сұр бұлт түсі суық,қаптайды аспан,
Күз болып,дымқыл тұман,жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,
Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан.
(Саххнаға тағы Абай туралы бейнематериал көрсетіледі)
4-ші бала:Қыс. Айбиби Ср А
Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,
Соқыр,мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау,түсі суық,
Басқан жері сықырлап,келіп қалды.
5-ші бала;Көктем. Алихан Ст Б
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар,адамзат қанталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
6-шы бала:Әсемпаз болма әрнеге Ср А Мариям
Өнерпаз болсаң ,арқалаң,
Се де-бір кірпіш,дүниеге
Кетігің тапта бар қалан!
Балалар ортадан кетеді.
Ортада ән қойылады, балалар шығады.
Абайдын әні "Желсіз түнде жарық ай" Ср А
«Желсіз түнде, жарық ай» музыкалық қойылым. А.Т.Әділханова
Крыловтан аударған «Қарға мен түлкі» Г.Т.Айтбаева
Қарға мен түлкі (И. А. Крыловтан)
Боқтықта талтаңдап,
Жан-жаққа жалтаңдап,
Бір қарға жүреді.
Бір жатқан ірімшік
Көзіне түседі,
Көңілі өседі.
Ірімшікті көрінген
Тістеп ап ұшады.
Бір ағашқа қонды да,
Асықпай жемек болды да,
Мазасызданып қарады
Оңына, солына.
Ағашқа қонып, қаранып,
Қанатын, жүнін таранып,
Болмақшы еді мәз-майрам
Дейтін емес қу қайдан,
Жем іздеген бір түлкі
Кездей келді сорына.
Ағаштан төмен түспеген,
Ірімшікті тістеген
Қарға түсті көзіне.
Қу құмар ақымаққа
Алдап, арбап соқпаққа
Кеңеседі өзіне.
Жуасып, жабырқап,
Таңқалып, таңырқап,
Қарады жүзіне.
Қарашы залымның,
Бұл жұртқа мәлімнің
Алдаған сөзіне:
Есен-сау жүрсізбе?
Ақынның төресі?
Көп жерден белгілі
Тегін құс емесғсіз.
Жүніңіз, үніңіз,
Мұрныңыз, көзіңіз,
Құлаққа көп тиген
Мақталған кеңесі.
Басынан өзгеше
Бітіпті денесі.
Көп жерден, қалқам-ай,
Құмарым тарқамай,
Сізді іздеп келіп ем.
Сүйінсін құлағым,
Тарқасын құмарым,
Әніңе бір салшы,
Асық боп келіп ем.
Мақтауға есіріп,
Барынша көсіліп,
Ырғалып қарқ етті,
Ірімшік жерге салп етті.
Тап етті, шап етті,
Ап кетті қу түлкі.
Антұрған, солтұрған
Жеріңде бол күлкі.
Түскі ас «Сыйлап берсе, суын іш!»
Жүргізуші: Ақиқатында да мұсылман қауымы кітапқа, тасқа басылған жазуға үлкен байлық ретінде қарап, қастерлегеніне тарихтан мыңдап мысал келтіруге болады! – Логика деген ғылым бар, соған жүгінсек, осы тұста өркениетке қатысты үлкен ғылыми жаңалықтың көзі ашылайын деп тұр.
ІV бет «Кітап – асыл қазына»
Отырар кітапханасы орта ғасырлық дәуірде әлемдік өркениеттің дамуына теңдессіз үлес қосқан кешенді білім ордасы болғаны белгілі. Ертеректе Фараб аталған бұл аймақтан күллі дүние жүзіне мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар көп шыққан. Отырар жаһандық өркениетке ықпалды болған дарындар мен талапты 22 Әл-Фарабидің отаны болған. Солардың арасынан туған қаласының атын жер-көкке шығарып, Отанының абыройын асқақтатқан, Аристотельдің шәкірті, Авиценаның ұстазы, элиндік ғалымдардың еңбектерін қыпшақ тіліне тәржімалаған аудармашы Әбу- Насыр Мұхаммед бен Мұхаммед Тархан әл-Фараби Отырар кітапханасында білім нәрінен сусындап өскен.
«Жаңалық ашамыз» Миға шабуыл Әль-Фараби жұмбағы М.Е.Досанова
«Кітап оқысаң – миыңды дамытасың» Визуальдық информация Кітапхана
Жүргізуші: «Жас оқырман» жобасы аясында алғашында жұмысымызды біз педагогтарымыздан бастадық. Әрине ең бірінші өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу үшін алғашқы қадамды педагогтардан бастағанымыз дұрыс деп ойлаймын. Педагогтарымыз кітапханаға баруды әдетке айналдырса, олар ата-аналарды ынталандырады, ал ата-аналар балаларына кітап алып, оқып беруді мақсат қылады.. Міне осы мақсатта педагогтардың арасында «Менің сүйікті кітабым» атты акция ұйымдастырылып, әр педагог өз сүйікті кітабын жарнамалады.
Сол жарнаманың үзіндісіне назар аударайық, ал жарнаманың қалған бөліктерін көрмеден көресіздер.
«Бірге ойлаймыз» Лайвлиб М.Е.Досанова
Жүргізуші: Ертедегі қазақтар кітап жазған, көп жазғаны соншалық, жазуға арналған жаңа материалды ойлап табуға тура келген. Бұрын негізінен теріге жазатын. Ондай кітаптар ауырлау келеді.
V бет «Айтыс дәстүрі – өткені, бүгіні, келешегі!»
Тимбилдинг Д.М.Жакенова
Айтыс- халық ауыз әдебиетінің ежелден қалыптасқан поэзиялық жанры, топ алдында қолма қол айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыстың түрлері: бәдік айтысы, түре айтыс, қайым айтыс, жар-жар айтысы, қыз бен жігіт айтысы,жұмбақ айтысы, өтірік өлең айтысы.
Тапқырлықтары мен ой ұшқырлығын жетілдіріп, сөздік қорларын молайту мақсатында бөбекжайымызда педагогтар арасында айтыс дәстүрі насихатталады.
Жүргізуші: Отырарлық кітаптардың шырақшысы – Сұнақ руының баласы, оқымысты, көріпкел, Отырар кенті жайындағы «Хикая» поэмасының авторы Хисамуддин абыр-сабыр уақытта құнды кітап қорын жер асты өткелдеріне жасырып тастаған деген болжам бар тарихшыларда.
VІ бет «Бәрін білгім келеді!»
«Жақсылық тамшысы» К.А.Боденова
«Үш тілдің патшалығы» Полиглот С.Б.Шортанбаева
«Әдемі ойлай және демала біл» Квик-настройка Г.А.Байжиенова
І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ.
Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер!
Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Жеті құндылық» деп аталады.
Құрметті әріптестер!
Адамның игі іс-әрекеті, еңбек, достық, татулық – осының бәрі адамның адамгершілік қасиеті.Адам бойында қалыптасқан құндылықтар бар.Сіздермен өз құндылықтарыңызды бағалай білу мақсатында «Жеті құндылық» деп аталатын ойын ойнаймыз.
Ойын шарты: Алдарыңыздағы қағаздарға жеті құндылықтарыңызды жазыңыздар.
Енді біз саяхатқа орманға шығамыз. Орманға біз және жеті құндылықтар.
1.Күн ыстық. Шөлдедік. Не істеуіміз керек? Әрине, су ішуіміз керек. Ол үшін 1 құндылықты береміз.
- Жолды әрі қарай жалғастырамыз. Алдымыздан қарақшылар шықты. Оларға күш көрсету үшін 1 құндылық береміз.
- Күн тамаша келе жатсақ өзен. Өзеннен өту үшін 1 құндылық.
- Келе жатып біз адастық бағыт беретін адам керек. Ол ақысыз жол көрсетпейді.Оған 1 құндылық бермесек болмайды.
- Келе жаттық. Қарнымыз ашты. Әл жинап тамақ ішу үшін 1 құндылық.
- Алдымызда көпір. Одан өту үшін 1 құндылық.
- Қарақшыларға жолығамыз. Олар бір адамды ұрып өлтіргісі келеді. Ол адамды қорғап қалу үшін 1 құндылық береміз.
Ойынның мақсаты не?
Қандай әсерде болдыңыз?
Алдарыңызда кездескен қиындықтардан қиналдыңыз ба?
Қандай құндылығыңызды соңына қалдырдыңыз?
Ойынға қатысқандарыңызға рахмет! Сіздерқұндылықтарыңызды жолдағы тосқауылдарға беріп, бір адамның өмірін сақтап қалғандарыңыз үшін жеті құндылықтарыңыз қайтарылады.
Бүгінгі сағатта аз ғана болса да, жақсылықтың нұрын, өмірдің қымбаттылығын ашылған күннің соңындағы әсем кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1 ші түс. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен баста.
2ші түс. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүр.
3 ші түс. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.
Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен баста.
4 ші түс. Әнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бәрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рахатқа бөленесің.
5 ші түс. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6 шы түс. Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сзйлеуге дағдылан.
7ші түсі. Жақсылыққа –жақсылық -әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық –ер кісінің ісі деген нақыл сөз жаныңда жүрсін.
Қымбатты әріптестер, осындай әсем сезімде мен сіздермен қоштасамын. Ықыластарыңызға рахмет!
Бүгінгі жұмысымыздың соңын «Ақыл жолы» релаксациясымен аяқтайық
Көрініс: Ата мен бала:
Бала: Ата, ата бұл кітапта жазылған барлық деректер маған ұнады.
Ата: Дұрыс айтасың балам, дұрыс айтасың. Бұл кітапта Отырардағы барлық деректер жазылған екен.
Жүргізуші: «Философтар «жер бетінде алдымен сөз пайда болған» дейді. Шығыстың дана бір патшасы әлемнің ғұлама ғалымдарын жинап алып, сол сөзді табуды тапсырады. Аңызда оны іздеудің ұзақ жылдарға созылғаны айтылады. Әрине, кітаптардың көмегімен іздестірілетіні белгілі. Көз майлары таусылғанша іздеген ғалымдар ақыры ол сөзді тапқан деседі. Табылған сөз әлемнің барлық жұмбақтарына жауап береді екен. Патша да, оны тапқандар да мәз болады. Бірақ уақыт ол адамдардың бәрін аямайды, патшаның аты ұмытылады, оның қаласы қиратылады, сонымен бірге сөз де жоғалып кетеді. Ғалымдар оны қайта іздестіруге кіріседі. Маған кейде «әлемді жаулаушы Шыңғыс хан сол сөзді іздеп аласұрды ма екен?» деген ой келеді. Отырарлықтар соған ерегіскеннен де кітаптарды тығып тастаған шығар, бәлкім. Әлде, Шыңғыс хан тапты ма екен? Белгісіз. Иә, кітап-қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Осы ата-бабаларымыздан келе жатқан кітап, білім ұғымдарын біздің келешек ұрпағымызға дәріптеп, оларды оқып, білуге тәрбиелеу ең алдымен біздердің міндетіміз болмақ. Ендеше осы семинарымыздан көптеген ақпарат алып, рухани жандандыңыздар деген үміттеміз. Бала тәрбиесі біздің жүрегімізге таңбаланған, ал әрбір балада кітапқа деген құмарлығын оятсақ онда ол баланың келешегі жарқын болмақ.
«Оқуtime – Время читать!» Рефлексия
Кітап түрінде. М.Е.Досанова






