«Жас оқырман» облыстық жобасы бойынша
2 жылда атқарылған жұмыстардың есебі:
Жобаны іске асыру мерзімі: 2016-2019 жылдар аралығы
1 кезең – дайындық кезеңі 2016-2017 оқу жылы
2 кезең – қалыптастырушы кезеңі 2017-2018 оқу жылы
3 кезең жалпылама кезеңі 2017-2019 оқу жылы
Мақсаты: Балалардың, олардың ата-аналарының және мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени және оқу құзыреттілігін арттыру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын басқарудың үлгісін құру.
Міндеттері:
1. Ата-аналар мен мұғалімдердің балалардың оқуға құзыреттілігін арттыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру мен оқыту сапасын басқарудың үлгісін жасау.
- Креативті диагностикалық аппаратты әзірлеу.
- Оқу үдерісіне қызығушылықты дамыту үшін нормативтік-әдістемелік базаны әзірлеу.
4. Ата-аналар мен мұғалімдердің балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру мен оқыту сапасын басқару моделін сынақтан өткізу.Күтілетін нәтиже:- Ата-аналардың хабардарлығын арттыру және ата-аналардан қызығушылықты арттыру.- Ата-аналар мен балаларды 50%-ге дейін белсенді оқуға тарту.- Отбасылық білім берудің оң тәжірибесін насихаттау.- Кітап сүйер қауымдастық құру.
«Жас оқырман» жобасында 2016-2017 оқу жылдарында атқарылған жұмыстар есебі:
Жезқазған қаласындағы КМҚК №7 «Айгөлек» бөбекжайында
8 топ бар, оның 3-еуі орыс, 5-еуі қазақ тілінде тәрбие алады. Ұжымды «Жас оқырман» жобасымен таныстырып, ана-аналар мен педагогтар арасында «Балаларды кітапқа деген қызығушылыққа тәрбиелеу» атты сауалнама жүргіздік. Қаламыздағы орталықтандырылған балалар кітапханасымен келісім шартқа отырып, жоспарымыз бен алмастық. 2016-2017 оқу жылының іс-шараларына жоспар бекіттік. «Жас оқырман» жобасы аясында ұйымдастырылған сауалнама жұмысына қорытынды.
№ 7 «Айгөлек» бөбекжайында КМҚК «Жас оқырман» әлеуметтік-педагогикалық жоба жұмыстары аясында ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға бөбекжайдың 50 ата-ана қатысып, белсенділік көрсетті.Онда ата-аналарға төмендегідей сұрақтар қойылды.
Балаларды кітапқа деген сүйіспеншіліктері мен құрметі маңызды ма,балаңызға жиі-жиі кітап сатып әпересіз бе,балаңызға әр түрлі кітаптар оқисыз ба,кітапханаға жиі барасыз ба,балаңыз кітап күтімін жақсы түсіне ме деген сұрақтар аясында болды. Ата-аналар өз балаларымен кітапханаларға баруға уақыттың аздығын,шамалары келгенше дүкендегі бар кітаптарды алып беретіндіктері туралы жазған. Кейбір ата-аналар балалардың кітапханаға баруларына әлі ертерек екеніндігін айтса, ал кейбір ата-аналар үйде балаларына ересек ағаларының көмектеріне сүйенетіндіктерін айтты. Жалпы ата-аналар балаларға кітапты таңдауда,оларды кітапқа қызықтыруда, әдебиет әлемімен таныстыруда, кітапты құрметтеп күтуде әлі де болса көптеп еңбектену керектігі байқалады. Осы сала бойынша жұмыстар жүргізу керектігі тәрбиешілер мен педагогтарға міндеттелді.
Жобаға қатысушы балалар мен ата-аталар тізімі жасалды. Қалалық орталықтандырылған балалар кітапханасы мен мұражай, Қ.Шыңғысов атындағы № 5 орта мектеп және С.Қожамқұлов театры мен келісім шартқа отырдық. Қыркүйек айында «Заманауи педагог» сайысы өтті. Сайысқа қатысушылар әр түрлі тақырыпта «Лэпбук» жасады.
«Жас оқырман» жобасында 2017-2018 оқу жылдарында атқарылған жұмыстар есебі: Қазан айында «Мақал-сөздің мәйегі» атты тәрбиешілер мен педагогтар арасында іс-шара өтті.Мақсаты халық ауыз әдебиетінің бір түрі мақал –мәтел болып табылады және оны насихаттау.
«Кітап – білім бұлағы!»
Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттер бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңеді.
Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Міне сол мақсатта жасалған әлеуметтік-педагогикалық «Жас оқырман» жобасы аясында Қарағанды облысы бойынша 8 балабақшы жұмыс істеп келеді.
Қазіргі балалардың көбінің қиялдары компьютерлік ойындарға ауып кетуіне қарамастан, кітапханашылар мен ата – аналар, педагогтарда, балаларға кітап әлемін сыйлау мүмкіндігі және құқығы қалады. Кітап оқуға үйрету үшін ең алдымен ата - анарға кеңес беру керек. Балаға бір жасынан - ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс. Яғни, ол сәби кезінен бастап кітапты көруге тиіс. Баланы кітапқа қызықтыру үшін суретті, санамақ кітаптардан бастау керек. Үнемі газет - журнал, кітап оқып отырған ата - ананы көрген бала да кітапқа қызығып өседі. 4 - 5 жастан бастап әңгіме, ертегілер оқуға болады.
Кітап оқу баланың ой - өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды.
Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесіп, алдын ала бос уақытында оқитын кітаптарының тізімін белгілеп, оны ата - анасы өздері ұсынуға болады. Баланы жас кезінен кітапты құрметтеуге және оны күтіп ұстауға баулыған жөн. Сондай - ақ, білімнің бір көзі – балалар басылымы. «Айгөлек», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Ақ желкен» журналдарына алып, оқып отырса, баланың білімі мен танымы талабына сай болады.
Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруға тиіс. Кітапқа деген құштарлық – бұл тек кітапханашының ғана жұмысы емес, тәрбиешінің және ересектердің де жауапкершілікті болуы. Жастардың рухани дүниесіне де көп көңіл бөліп, көркем әдебиеттерге деген қажеттілікті арттырып, оқуға ынталандыруымыз керек, кітап оқуды насихаттау үшін жоғарғы деңгейде кітапханалық сабақтар, кездесулер, ауызша журналдар, сайыстар, ертеңгіліктер ұйымдастырып, оқырмандар сусындайтындай, ой - пікір туғызатындай етіп өткізу.
Сондықтан мәдени ошақтарды жандандыру, оның ішінде балаларға қызмет көрсететін мектеп кітапханаларының еңсесін көтеру, дәстүрімізді сақтай отырып, өскелең ұрпақтың білімін, рухани байлығын арттыру, тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету өз қолымызда.
«Ертегілер еліне саяхат» атты апталық ұйымдастырылды.
Апталықтың мақсаты: Балаларға қазақ әдебиетін насихаттау арқылы қызықты, пайдалы кітаптар туралы ақпарат беру, кітап оқуға деген ынталарын арттыру. Балаларды ертегілер желісімен таныстыру, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын айту арқылы өз пікірлерін ортаға салу, қиял ұшқырлығын дамыту. Ертегі арқылы қоршаған ортаны танып білуге, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне білуге, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіруге, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінікті қалыптастырып , адамгершілік тәрбиесінің бастауларын бойына сіңіруге ықпал ету.
Іс- шара барысында «Ертегілер әлемі» тақырыбында қуыршақтар көрмесі өтті. Көрмені барлық топтардың бүлдіршендері келіп тамашалады. Көрмеде «Шалқан», «Бауырсақ», «Ақымақ қасқыр», «Қызыл телпек», «Шық бермес Шығайбай», «Алдар Көсе», «Алтын балық», «Сұмырай хан», «Сиқырлы тас», «Түлкі», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегілер желісінен алынған қуыршақтар, саусақ театрлары, көлеңке театрлары, және ата-аналардың қолдарынан шыққан бұйымдар көрсетілді. Көрме бөбекжай ата-аналарының тарапының қолдауымен ұйымдастырылды. Көрме барысында балалар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, қиялдарына қанат бітіріп ертегі кейіпкерлерінің бейнесін өз беттерінше сомдауға, ертегі мазмұнын жарыса айтуға талпынды. Көрме соңында іс-шараға белсенділік танытқан ата-аналар марапатталып бөбекжай атынан Алғыс хат табысталды.
Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі адамның қиялына қанат бітіреді. Білмегенді білгенге сүйрейді. Кімдерден, қай кейіпкерлерден аулақ болуды насихаттайды. Бұл өшпес зор туындылар бала болашағының мәнді мақсатты көзқарасын тудырары сөзсіз деген оймен , бөбекжайымыздың Ортаңғы және Ересек топ балаларына арналып «Шық бермес Шығайбай» және «Түлкі, қоян және әтеш», атты сахналық қойылым қойылды. Қойылым 2 тілде өтті. Ертегіден балаларға жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір-бірімен байланысы туралы түсінік беріліп, ертегі жоспары бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу, ойлау қабілеттерін қалыптастырды. Соңында балалар ертегіні кейіптендіріп, өз ойларымен бөлісті. Балалардың шынайы жауаптары тыңдалып, «Алдар көсе» балалармен сиқырлы әріптер ойынын ойнап, сиқырлы кітап әлеміне саяхат жасады. «Кітаптар – менің достарым» атты кітап көрмесімен танысты. Тәрбиешілер «Қазақ және әлем халықтары ертегілерінің Алтын жинағы» атты кітапқа және тағы басқа да балаларға арналған кітаптарға шолу жасалды.
Балаларға халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны ол – ертегі. Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор екендігін және сахналық қойымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңру, түсіндіру. Театрландырылған көріністер арқылы бала өзін жан –жақты ашады, іс –әрекетке деген қызығушылығы арта түседі. Ең бастысы ертегіні сахналау -балалардың кейіптендіру дағдыларын қалыптастыруға, танымдық белсенділігі мен іс –әрекетке қызығушылғын арттыруға ықпал ететіндігімен маңызды. «Ертегілер еліне саяхат» апталығы балаларға жаңа білім, сонымен қатар жақсы көңіл-күй сыйлады
Апталықтың соңы бөбекжайымыздың қазақ тілі пән мұғалімі Альжанова Г.Қ- ның бастауымен «Абайдың арманы –адамзаттың арманы» атты әдеби әуенді кешпен аяқталды. Кешке орталық кітапханадан қонақтар шақырылды. Кешті ортаңғы топтың тәрбиеленушісі Қайрат Шынболат «Аққу арманы» әнімен ашты. Ересек топтың тәрбиеленушілері Абайдың өлең жолдарынан үзінді оқып, Абай атамыздың қара сөздерін насихаттау мақсатында көрініс қойылды. Кеш соңында үздік оқыған балалар мақтау қағаздармен марапатталды.
Қорыта келе «Жас оқырман» жобасы 2018-2019 оқу жылдарында жалпылама кезеңі бойынша жоспар құрылып, жоба жұмыстарын басқа да мектепке дейінгі ұйымдарға насихаттау бойынша жұмыстар жүргізіледі.






