#Жолдау
Әділетті мемлекет біртұтас ұлт берекелі қоғам
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА 2022 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ЖОЛДАУЫН ЖАРИЯЛАДЫ
Маңызды мәселенің бірі Білім беру жүйесіне тоқталды: «Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзге мән берді.
Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажеттігін, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керектігін, осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиістігін атап өтті. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн екендігі айтылды.






