Бастауыш сынып мұғалімі педагог зерттеуші Ильясова Гулбаршын Шарафудиновна өте білікті, ізденімпаз, шығармашыл тұлға. Ол әр ісіне жауапкершілікпен қарап, еңбек жолында талай жетістіктерге жеткен, бірнеше рет облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі- 2018» сайысының І орын иегері, мектеп абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз, креативті, талғамы жоғары, талапшыл ұстаз.
Оқушылары озат та алғыр, білімді шәкірттер. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін аянбай шәкірт тәрбиелеудің озық үлгілерін көрсетіп келеді. Аудан, облыс деңгейіндегі семинар, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, әріптестеріне үнемі көмектесіп отырады. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, тың иедеясы мол ұстаз.
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына ,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім—мектептің жүрегі»-- деген Ы.Алтынсарин атамыз . Осы теңеу біздің Гулбаршын Шарафудинқызына арнап айтылғандай.
Қуанышты хабар! Гулбаршын Шарафудиновнаның авторлық жобасы облыстан «үздік» деп танылып, республикалық «Дарын» ғылыми практикалық орталығы «Алтын қарғалы» шипажай базасында өтетін «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсына өз авторлық жобасын ұсынуға аттанды.
і






