Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

 

Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны логопед – 1, дефектолог – 1, тәрбиеші – 2, орыс тілі мұғалімі - 1  педагог санына байланысты 1 ставкалық жүктеме сағатына конкурс жариялайды.

Мекеменің орналасқан жері: «Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны – 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Ж.Жанасов көшесі, 37 ғимарат.

Мекеменің қызмет түрі: Білім беру саласындағы қызмет (мектепке дейінгі білім беру).

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

2) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) кадрларды есепке алу бойынша толтырылатын жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұырығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) соттылығының жоқ екені туралы анықтама;

10) жазалар мен көтермелерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме;

11) ҰБТ (Ұлттық біліктілік тестілеу) сертификаты немесе педагог-модератор, педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

  • психология және педагогика, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелерді;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық құжаттарын.

 

Лауазымдық міндеттері: Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.
  • Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.
  • Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.
  • Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.
  • Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.
  • Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.
  • Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
  • Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
  • Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Лауазымдық жалақы мөлшері: 100000 теңгеден 140000 теңгеге дейін (еңбек өтіліне, санатына  байланысты).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды білім беру ұйымының сайтында және Instagram, Facebook парақшаларында жарияланған сәттен бастап 5 күн ішінде (25 тамызға дейін) Жезқазған қаласы, Ж.Жанасов көшесі, 37 мекен-жайында қабылданады.