«1-маусым Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу мақсатында бөбекжай педагогтарының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өтті.


Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай - ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.
 
Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз
 
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша
 
Гүлмен келсін келер күн
Бала - бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
Басты қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық, бақыт, қуаныш
Елімізге сыйлаймыз.
 
Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз

Ертеңгі күн еліміздің

Батырлары боламыз.