Ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалардың дәрігер туралы білімдерін, бір - біріне деген жағымды қарым - қатынас жасау, ой - қиялын одан әрі дамыту. Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында желтоқсан айының 9 күні Кіші "Күншуақ" тобында "Дәрігер мамандығы" тақырыбында сюжетті-рөлдік ойыны жүргізілді.






