23-24.10.2019 жылда өткен «Алтын күз» атты ертеңгіліктің қорытындысы:

Мақсаты: Балаларға қоршаған орта, табиғат, көкөніс және жеміс – жидектер түлерімен таныстыру. Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру; балаларға мерекелік көңіл күй арнау.

 

Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес. Әдемі безендірілген залға музыкамен кірді. Кіші топтарға қуыршақ театры қойылымы арқылы өтті. Кіші топтар «кап-кап», қоянға «ұзын құлақ сұр қоян» әнін орындаса ,кірпіге  «бала бала балапан» әндерін орындады. Балалар тақпақ айтты. Түлкіге жаңғақ жинауға көмектесіп ойын ойнады. Ал, кірпіге саңырауқұлақты кептіріп ілуге көмектесті. Балаларға ойын қызықты болды. Көңіл күйлері ерекше болды. Жақсы көңіл күйде өтті. Қуыршақ театрының артқы жағында  Күз ханшайымы келіп, Алтын күзге арнап «У меня,у тебя» (достық) биін орындады. Алтын күз балаларға  арналған сыйлығын табыстады.