Қазанның 17-ші жұлдызында каламызда №5 "Тамаша" бөбекжайында қалалық "Әсемпаз болма әрнеге..." атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Мақсаты: қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.
Сайысқа қаламыздың 14 бөбекжайлары қатысты. №7 "Айгөлек" бөбекжайының атынан мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Молдабай Мариям қатысты.Мәнерлеп оқу сайысында Мариям Абай атамыздың "Әсемпаз болма әрнеге...." өлеңін нақышына келтіріп айтты. 14 бөбекжайдың ішінен Молдабай Мариям жүлделі "1-ші дәрежелі дипломды" иеленді.
Осындай жеңісті күндеріміз көп бола берсін!









