№ 7 Айгөлек бөбекжайында апталықтың жалғасы бөбекжай ауласында ата-аналарға арнайы ұйымдастырылған мерекелік іс-шарамен жалғасын тапты.
Іс-шараның басты мақсаты ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал ету, өзін өмірдің бір бөлшегі ретінде сезіндіру, өзін және өзгені бағалай білуге көмектесу болды.
Бөбекжай ауласында ұйымдастырылған бұл іс-шараны түрлі ертегі кейіпкерлері мен сайқымазақ жүргізді. Кейіпкерлер өз алдына іс-шараны ата – аналармен шеңбер құрып сәлемдесуден бастады. Одан кейін ата – аналармен жақынырақ танысып, бір – біріне деген жылы лебіз білдірді. Ары қарай «Сиқырлы қоржын» сұрақ-жауап сайысы жалғасын тапты. Бұл сайыста «Мақалды жалғастыр», «Жаңылтпашты қайталап айт», «Жұмбақтың шешуін тап» деген тақырыптар ата-аналар назарына ұсынылды. Барлық тапсырма «Отбасы» тақырыбына байланысты болды. Іс-шара соңында ата-аналар сурет жақтаулары тұрған мольбертке шақырылды. Сурет жақтауының ішіне ата-аналар бүлдіршіндермен бірлесіп өз отбасыларының бейнесін салып, әр отбасы тілектерін тілеп тұрып арнайы тілек шарларын көкке ұшырды.
<





Отбасы деген қасиетті ұғым. Отбасы әр адамның өміріне бастама болып табылады. Отбасын кішігірім Отанға теңейміз. Отанның өзі отбасынан басталады дейміз. Ал отбасылық бақыт болса, ол бақыттың шыңында тұратын белгі. Бақытқа толы болған отбасы әрқашанда қоғамда ерекшелініп, өзгелері үлгі тұтатындай санатқа жетеді. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол.
№ 7 «Айгөлек» бөбежайында «Отбасы-бақыт мекені» атты апталық өтті. Осы апталық тақырыбы аясында қыркүйек айының 13 күні ортаңғы, ересектер және мектепалды даярлық топтарының ата-аналары арасында «Мен отбасымды бақыт тұтамын» тақырыбында отбасылық фото байқау жүргізілді.
Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу; бала тәрбиесіндегі ата-ананың көзқарасын кеңейту; тәрбиеші - бала - ата-ана өзара қарым-қатынастарын жақсарту; отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді нығайту. Бұл байқауға барлық топ ата-аналары белсенділік танытып байқауға бірдей атсаысты. Ата-аналар плакатқа және албом түрінде фотоларын безендіріп әкелді. Бөбекжаймен тығыз байланыста болып, іс-шараға белсене атсалысқандар ата-аналарға ризашылық білдіріп, алғыс хаттармен марапатталды.










